«Жыртық көйлек сатып жатыр»: Танымал журналист Шаһизаданың бизнесін сынады
“Дау-дамайсыз” бағдарламасының жүргізушісі Жазира Бегалы әнші Шаһизадаға алданып қалғанын айтты.
Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлауынша, медиа маманының айтуынша, балалары мереке күніне орай, әншінің киім дүкенінен көйлек сатып алған.
“Шаһизада, инстаграм арқылы жыртық көйлек сатып, телефонды неге бұғаттап тастадыңыз? Мынау сіздің дүкеннен бір сағат бұрын балалар тапсырыс беріп, маған Наурыз мерекесіне алған сыйлығы! Жыртық! Оны сары жіппен тігіп, қалай ұялмай сатып отырсыз? Оразада сол жыртық көйлектің ақшасы сізге садақа! Масқара! Балалар жыртықты көріп, сатқан нөмерге хабарласқан! Бұғаттап тастапты! Қыздар, Шаһизаданың дүкенінен осындай көйлек алдық! Қысқасы, бүгін Шоңжыдан іссапардан келдім. Балапандарым мені қуантайын деп көйлекке тапсырыс береді. Түркияның киімі, жеңілдікпен екен. Танымал әнші жыртық көйлекті парақшасында жарнамалаған. Сататын кезде осындай ақауы бар деп ескертпеген. Нәтиже осы! Сатқан адам нөмерді бұғаттап тастаған. Көмекшісі де мардымды жауап берген жоқ”, – деп ренжіді журналист.