Алматы облысында тас жолға қар көшкіні құлады (видео)

0

22 наурызда Алматы облысындағы тас жолға қар көшкіні құлады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық автомобиль жолдарын басқару операторының хабарлауынша, сағат 17:00 шамасында республикалық маңызы бар «Алматы-Космостанция» тас жолының 19-шақырымындағы жол бөлігінде қар көшкіні жүріп өткен.

«Қар көшкіні көлемі 600 м3, ұзындығы 50 м, биіктігі 2 метрге дейін жетті. «Қазавтожолсервис» ЖШС қызметкерлері жол бөлігін тазарту жұмыстарын жүргізуде. Ол үшін екі бірлік техника (тиегіш-1, бульдозер-1) ) және 10 жеке құрам жұмылдырылды. Сонымен қатар кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай бақылауда», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы Букреев шыңында қар көшкіні жүргені туралы жазған едік.