«Қыз зорлады». Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары дауға ілікті

0

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов қыз зорлады деген қауесет тарады. Желіде ақпарат таратқан арудың есімі — Айгүл. Ол баспанаға кезекке тұрған. Ал әкім орынбасары оған өтірік уәде беріп, зорлаған көрінеді.

Алайда облыс әкімдігінің сөзіне сүйенсек, Батырғожин 8 қаңтардан бастап еңбек демалысына кеткен. Ал полиция департаменті орынбасардың арызы бойынша бопсалау дерегін тіркеген. Алайда Айгүл есімді арудың айтқаны фактілермен расталған жоқ.

“Зардап шеккен тарап — Серік Батырғожинов”, — делінген әкімдік хабарламасында.

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов