“8-наурыздың тарихы көңіліңді түсіреді” — Рүстем Жүгінісов жазбасы үшін ауыр сынға ұшырады

0

Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасы үшін ауыр сынға қалды. Ол 8-наурыз мерекесін тойламайтынын айтқан. Ал оқырмандар оны өзге діннің ағымында кетті деп болжап жатыр.

«Менен сұрап жатыр, неге 8 наурызбен құттықтамайсың деп. Рамазан келді, Рамазанмен құттықтаймын. Ал, 8 наурыз мерекесі, біріншіден біздің қазақтың мерекесі емес, біздің ата-бабаларымыз бұл мерекемен құттықтамаған. 8 наурыз мерекесінің тарихын қарасаң, көңіл-күйің түседі. Тарихы неден шыққанын білетін болсаңыздар, өздеріңіздің көздеріңіз жетеді. Аталарымыз тойламағаннан кейін, мен ойлаймын, біз несіне тойлаймыз деп. Аналарымызға, келіншектерімізге, қарындастарымызға күнде мереке жасауға болады», — деп жазған әнші.

Ал желі қолданушылары “Еркек бастарыңмен, сақалдарың қауғадай болып, айтатындарың қатын, қатынның мерекесі», «Сақалың жараспайды екен, жап-жас жігітсің, 80-дегі шалдарға ұқсап тұрсың», «Кезінде тойламаған адам құсап, не айтып отырсың өзі» деп сынға алды халық.

фото: caravan.kz