«Сырқатынан айығып кетсін»: Талғат Жорабаев бұрынғы жездесі Сәбит Әбдіхалықовқа тілекші екенін жеткізді

0

Танымал әнші Талғат Жорабаев кезінде сахнаға шығуына мұрындық болған экс жездесі Сәбит Әбдіхалықов туралы айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі “Менің өмірім” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі актер Сәбит Әбдіхалықов жақында жүрегіне ота жасатқан еді.

“Бұрынғы жездеммен амандасып тұрамыз. Әлеуметтік желіден көрдім. Сырқаттанып қалыпты. Аман болсын дейміз, сырқатынан айығып кетуіне тілекшіміз. Үнемі айтып жүремін, ол кісі – жиендерімнің әкесі. Өмірімнен алып тастаймын, өшіріп тастаймын десем де, әкесі болып қалады. Одан ешқайда қашып құтыла алмайсың. Өйткені Алла тағала әпкемнің тағдырына жазды. Солай жазулы күйінде қалды. Ешкімге жамандық тілейтін адам емеспіз. Ата-анамыз біреуді тілдеп, жамандық ойлаңдар деп тәрбиелеген жоқ. Барынша аман болсын, ешқашан ауырмасын», – деді өнер иесі.

Сонымен қатар қазіргі жездесі туралы да сыр шертті. Айтуынша, көлік сыйлап қуантқан көрінеді.

“Жақында әпкем бесінші қызын дүниеге әкелді. Жақында Шымкентте тұратын нағашыларына барып келді. Жездем қатты қуанып жүр. Ол кісімен өте жақсы араласамыз. Себебі өте сауатты адам, артық сөзі жоқ. «Ақшаң бар ма, мына әніңді мен жазып берейін» деп қолдап отырады. Әлі күнге дейін еркелетеді. Әпкеме үйленген жылдары маған көлік сыйлағаны бар. Негізі кілтті Алтынайдың қолынан алғанмын, алайды демеуші болған жездем екенін кейін білдім”, – деп ағынан жарылды әнші.

Еске салайық, актер Сәбит Әбдіхалықовтың 2016 жылы инфаркт алғанын жазған едік.