Қара бетперде таққан жігіт ата-анасымен сөйлесуден басқа арманы жоқ 11 жастағы қызға үміт сыйлады
286 ашық дереккөзден Қара бетперде таққан жігіт тағы бір отбасыны қуантты, — деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл жолы қара бетперде таққан жігіт дүкеннен азын-аулақ азық-түлік алып, үйіне бет алған баланың алдынан шықты. Аяулымның жаcы 11-де, ата-анасы мылқау, мүгедек.
«Ата-анам кішкентай кезінен бері сөйлемейді, мүгедек. Біз осы үйді жалға алып тұрамыз. Моншаға барып жуынамыз. Өйткені бізде жуынатын жерлер жоқ. Менің әкем — «фасовщик», анам — «тігінші», – дейді ол. Аяулымның арманын естігенде көпшіліктің көзіне жас келері анық. Өйткені ол «ата-анасымен сөйлескісі келеді». Оған «басқа ештеңе керек емес». «Аяулым, қарындасым, сенің бұйырса, ата-анаң емге барады және сіздер үйлі боласыздар», – деді қара бетперде таққан жігіт.