«Жігіттік намыс бар»: Заңғар Нұртас 5 мың теңге үшін көше ұрысымен төбелесіп қалды
Aшық дереккөзден Әнші Қайрат Нұртастың кенже інісі көше ұрысымен төбелесіп қалған. Бұл туралы Kaz.nur.kz жазды.
Блогер REVUE NEWS бағдарламасында келіспеушіліктің 5 мың теңгеден басталғанын айтты.
«Еш жерде айтпадым. Бірақ көп адам сұрап жатыр. Көшеде біреу менен ақша сұрайды. Келіспеушілік болып, төбелесіп қалдым. Сосын қолымды сындырдым. Менен 5 мың теңге сұрайды. «Жарайды» деп, мен қолма-қол ақша берем. Алдымен шотыма аударатынын айтқан. Сәлден соң «Бір айналып келші» дейді. Осыдан соң төбелес басталды. Мәселе — 5 мың теңгеде емес, жігіттік намыста. Мен үндемей кетсем, үйге барып, қалай тыныш ұйықтаймын?», — деді Заңғар Нұртас.
Еске сала кетейік, продюсер Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртас былтыр қараша айында қайта шаңырақ көтерді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары жиналып, жас келіннің бетін айтыскер Жандарбек Бұлғақов ашты.