«Қан қысымы көтеріліп кетті»: «Музарт» тобының концертінде оқыс жағдай болды

0

Танымал “Музарт” ансамблінің концертінде топ мүшесі, бас гитарист ауырып қалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Наурыз айында жұлдызды топ қалааралық гастролдік сапарға шыққан еді. Оқиға Қарағанды қаласында болды.

“Концерттің ортасында бас гитарист Ерлан Құлахметтің қан қысымы көтеріліп, ауырып қалды. Бір минуттай абдырап, түсінбей қалдық. Гитара аспабының сүймелдеуінсіз бір ән шырқадық. Көп ұзамай қалпына келіп, сахнаға шыққанда “шүкір” дедік. Көрерменнің көңілі түспесін деп түсіндіріп жатқанымыз ғой. Ауырмаңыздар. Ерланға көз тиген сияқты. “Қай жігіт десе, Мейрамбектен кейінгі сұлу жігіт” деп халық сұрайтын”, – деп әзілдеді Сәкен Майғазиев.

 

Желі қолданушылары мен концертте болған көрермен қауым жаппай тілек жаудырып жатыр.

“Музарттың серілеріне саулық тілейміз!”, “Ақтөбеге келгенде осы жігіттің келіншегі босанып еді. Қуанышты жаңалығын сахнада тұрып естіді”, “Қарағандылықтарды бір қуанттыңыздар”, “Концертте болдық, ауырып орнынан тұрып кетті”, “Кеш керемет өтті, әндеріңізді халықпен бірге шырқадыңыздар” деп жазып жатыр тыңдарман қауым.

Еске салайық, өнерлі топтың концерт алдындағы дайындығы елді күлдірген еді.

 


Тегтер:музарт