ТЖМ диспетчері көпірден секірмек болған жасөспірімді құтқарып қалды

0

Құтқару қызметінің диспетчері жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне кедергі жасады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

Бүгін таңғы сағат 9-да Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне аспалы көпірден секіріп, суицид жасағысы келген жасөспірімнен хабарлама келді.

Бұл қоңырауды азаматтық қорғау кіші сержанты Айжан Каленова қабылдады, ол полиция қызметкерлері келгенге дейін әңгіме барысында балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті, сол арқылы суицид әрекетіне кедергі жасады.