Теміртауда үйсіз иттерді балалардың көзінше атқан: Шок алған баланың анасы арыз жазды
Теміртауда қалалық шенеуніктер балалардың көзінше күндіз иттерді атқан. Желіде өлім аузында жатқан иттің қасында қатты жылаған баланың видеосы тарап, қызу талқыға түсуде. Деректерге сай, шенеуніктер баланың анасына арызданғаны үшін қысым көрсетіп жатыр екен. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Теміртаулық әйелдің видеосы желіде жұрттың жағасын ұстатты. Онда бала жерде жатқан итінің жанында “көмектесіп тұрғызайықшы” деп өкісіп жылағаны бейнеленген.
Ана бала психологиясына әсерін тигізді деп, иттерді ашық түрде атқан қала басшылығына қарсы арыз жазған. Алайда әлеуметтік желіге шығып, мемлекеттік органдарға үндеу жолдағаннан кейн, баланың анасына басшылықтан қысымдар келе бастаған екен.
Заңгердің айтуынша, қазір жергілікті шенеуніктер оның мемлекеттік органға берген арызын қайтаруын талап етуде.
“Ішкі саясат бөлімі оны қамқоршылық органдары қарайды деген. Алайда ұлдың анасына видеоны таратуға құқы жоқ екенін және иттерді атқан кезде баласының ол жерде болмауы керек екенін ескерткен. Бірақ түсініксізі шенеуніктер иттерді күндіз балалар ойнап жүрген аулада атқан. Енді баланың анасына арызын қайтып алуы үшін қысым көрсетіп жатыр екен”, – деді заңгер Анастасия Смирнова.