Экс-мәдениет және спорт вице-министрі ұсталды — Антикор
Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды.
Мұны Антикордың баспасөз қызметі растады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта күдікті Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.
фото: ашықдереккөз