“Самсаның арасында тышқандар өріп жүр”: Семей базарындағы дүңгіршектің видеосы тарады

0

Семейде самсалардың арасында жүрген тышқандар көптің көңілін аударды. Тазалық сақтамаған дүңгіршек иесіне санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің өкілдері айыппұл салды.

Бұл жағдайдың видесы әлеуметтік желіде тараған. Тышқандар адамдардан да қорықпаған көрінеді.

Іс әкімшілік сотқа жіберілді. Кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылады. Жалыпы оған, талаптарды бұзғаны үшін 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген. Арнайы қаулы шығарылып, дүңгіршек жұмысын тоқтатты”, – дейді Абай облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бөлім басшысы Әйгерім Мұсатаева.

Видео: https://youtu.be/qGd4yYAaa-0