“Көлік апатына түстім” — Саят Медеуов

0

Саят Медеуов «ХабарLike» бағдарламасына берген сұхбатта өмірінің ең қиын кезеңдерін есіне алды.

«Көлікке құмармын. Оны қатты жүргізетінім рас, бірақ қазір камера көбейді ғой. Жүргізе алмай қалдық. Бұрын әкемнен біреу «балаңыз көлікті қатты жүргізеді, қорықпайсыз ба?» деп сұрапты, сонда әкем «иә, қатты жүргізгенімен, жақсы жүргізеді» деген екен. Көлікті қатты жақсы көремін. Екі жыл бұрын көлік апатына түстім, ол кезде мен ұйықтап жатқан едім. Білмей қалдым, сол дұрыс болды. Әйтпесе, көлік жүргізе алмай қалар ма едім?», — деді ол.

фото: ratel.kz