“Қарындасының қайғысына пиар жасап жүргені жиіркенішті” — Атақты шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Нүкенованың ағасы туралы

0

Журналист Гүлбану Әбенова Facebook парақшасында ел арасында қызу талқыға түскен Бишімбаевтың ісінк байланысты жазба жариялады. Журналист ол жазбада атақты шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Танжарикованың пікірімен бөліскен.

Лиана Танжарикова ол жерде Салтанаттың ағасына инстаграм парақшасына жағдай бойынша жазғанын, бірақ жауап алмағанын жеткізген. Бұған Салтанаттың ағасының посты себеп болған.

«Қарындасының қайғысына пиар жасап жүргені жиіркенішті. Динараға берген сұхбатын көрдім, оның ойын түк түсінбедім. Үлкен, үйленбеген ер азамат, отбасы қазан айында Павлодарға 14 күнге келген кезде оны зорлықшы күйеуінен қорғап, Түркияға алып кету керек еді. Қарындасының қандай болғанын елге көрсетудің не қажеті бар? Шараппен болған видео қорқынышты емес, бірақ ол бар. Бишімбаевты ешкім ақтамайды, сот өз жұмысын жасайды. Бірақ қарындасын күйеуі ұрғанын, оның келіп кеткенін айтудың не қажеті бар? Жаңа жылдық кеш үшін қарындасына 100 мың теңге бергенін айтудың қажеті не?», — деді Лиана Танжарикова.

фото: www.instagram.com