«Алып кетейін деп тұрған жастар жоқ»: Жүрсін Ерман өзінің орнына айтысты енді кім жүргізетінін айтты

0

Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның бірнеше жылдан бері денсаулығы сыр берген болатын. Ақын Жандарбек Бұлғақовтың ютуб бағдарламасында өзінің орнына айтысты енді кім жүргізетінін айтты, деп жазады KYN.KZ. 

«Наурызда айтыс болады. Соған жүргізуші таппай қиналып отырмын. 2-3 ақын бар, кежегесі кейін тартып қалады. Ал басқасының ондай құдіреті де, қабілеті де жоқ. Өзі қиын шаруа да емес. Мен өлгеннен кейін де айтыс жалғаса береді ғой. Бірақ тура алып кетейін деп тұрған жастар жоқ. Студенттердің айтысын Шұғайып Сезімханға беріп қойдық. Сондай 2-3 ақын шықса деймін. Нақты мынаған деп отырған адамым жоқ», — деді Жүрсін Ерман.