«Бишімбаевқа ұнамайтын». Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

0

Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов журналист Динара Сатжанға берген сұхбатында қарындасының ата-енесімен қарым-қатынасы туралы айтып берді. 
Бастапқы уақытта бұл қарым-қатынас өте жақсы өрбіген. Яғни бастапқыда мәселе болмаған. Бір-біріне де қонаққа жиі барып тұрған.

«Салтанаттың енесімен қарым-қатынасы басында өте керемет болды. Ол тіпті қарындасыма «Салта, үй тазалап, тамақ пісірудің қажеті жоқ, сенің басты міндетің жай ғана әдемі болып, дүкен аралау» дейтін. Яғни, бастапқы уақытта ешқандай мәселе болмады. Оған қоса Салтанат пен оның ата-енесінің пәтерлері бір тұрғын үйдің екі қабатында орналасқан еді, сондықтан Салтанат енесін қонаққа жиі шақыратын. Ал Бишімбаевқа анасының үйіне көп келетіні ұнамай, алғашқы жанжалдың бірінің себебі болды.

Бірақ бұл ол кезде жай кішкентай ғана жанжал болған еді, яғни ешқандай үлкен мәселенің бастауы болмады», — дейді Салтанат Нүкенованың ағасы.

дереккөз, коллаж: Massaget.kz