Ақтауда 65 миллион теңгеге салынған ескерткіштің тұғыры қирап жатыр
Ақтауда тұрғындар Әлнияз Тобаниязовтың ескерткішінің тұғыры қирап жатқанын айтып шағымданды. Сөздерінше, әкімдік ескерткішті қалпына келтіруге асықпайтынын жеткізді. Бұл туралы Kznews.Kaz ақпарат агенттігі Lada.kzбасылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ескерткіш тұғырының қаптама тақтайшалары түсіп қалған. Ал арматуралары сыртқа шығып кеткен дейді. Дегенмен тұрғын үй-коммуналдық басқарма өкілдері қаладағы нысандардың күтіміне жауап беретін мердігер ұйымды анықтау үшін байқау жүріп жатқанын хабарлады.
«Мердігер компания анықталған соң қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі», — дейді шенділер.
Тобанияз Әлниязұлына арналған бұл ескерткіш 12-шағынауданында ашылған. Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы деректерге сәйкес ескерткішке бюджеттен 65 313 642 теңге бөлінген.
фото: lada.kz