Жетісу облысында кәсіпкерді қорқытып жарты миллион қаражатын қағып алған топтың жолы кесілді
Жетісу облысында прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары кәсіпкерлерді қорқытып, ақша бопсалап алып жүрген топтың әрекетіне жедел түрде тосқауыл қойды. Бұл туралы жергілікті прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Прокурорлардың мәліметінше, аталған топ мүшелері алдын ала сөз байласу арқылы әрекет етіп, кәсіпкерді мүлікті өртеп жібереміз деген желеумен қорқытып, жәбірленушінің жарты миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді» — делінген хабарламада.
Алакөл аудандық соты прокуратураның дәлелдерін қолдап, жасалған қылмыстың ауырлығы мен сипатын ескере отырып, кінәлілерді ҚР ҚК-нің 189 бабының 3 бөлігіне сәйкес 4 жылға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жетісу облысының прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді қорқытып, ақша талап еткен фактілер болған жағдайда өз құқықтарын қорғау үшін дереу заң органдарына хабарлауға шақырады.