Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді
Алматылықтар жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Kznews.kz.
ТЖМ мәліметінше, «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпанда сағат 00:26-да жер сілкінісін тіркеген. Оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан Қытай аумағында — афтершок.
Сезілуі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.
Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді, — делінген хабарда.