Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

0
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Дүниежүзілік мұхит», «материк», «арал», «түбек», «теңіз» (шеткі, ішкі), «шығанақ», «бұғаз» ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру. Картадан мұхиттарды, теңіздерді, материктерді көрсете білу және сипаттай алуға үйрету.
Дамытушылық: Ойларын жинақтай білуге, өз бетімен еңбектену іскерліктерін, ойлау қабілеттерін, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Жолдастарына көмек беру, тапқырлыққа, белсенділікке, табандылыққа, табиғи ортаны аялай білуге тәрбиелеу, географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, тест жұмысы, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің физикалық картасы, оқулық, суреттер, кескін карта, қосымша деректер

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
а) Сәлемдесу.
ә) Түгендеу.
б) Сабаққа назар аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Топпен жұмыс.
І топ Тынық мұхиты
ІІ топ Атлант мұхиты
«Кім жылдам?»
1. Гидросфера дегеніміз не? (су қабығы)
2. Табиғатта су неше күйде кездеседі? (үш күйде)
3. Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады? (өзен, көл, мұхит, теңіз, мұздықтар)
4. Судың мұхиттан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін не деп атайды? (дүниежүзілік су айналымы)
5. Табиғаттағы судың рөлі қандай? (маңызы өте зор, сусыз тіршілік жоқ)
6. Үйде дайындаған: Cуға қатысты мақал — мәтелдер, суға қатысты тиым сөздер сұрау.
(«Бұлақ көрсең көзін аш», «Сулы жер – нулы жер», «Өзен жағалағанның өзегі талмайды», «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Судың да сұрауы бар», «Таза су ең алдымен адам денсаулығының басты кепілі», «Лас суда лаң көп», «Су бүлінсе, сүлдең қалар, ауру асқынса, мүрдең қалар», «Су өткен жерге өсімдік шығады», «Су — табиғаттың ажары», «Су біткен жерде өмір де бітеді» т. б.)
7. Сонымен судың пайдасы мен маңызы зор, сусыз тіршілік жоқ екені белгілі. Суды қорғау үшін не істеу керек?
(- ретсіз пайдаланбау;
— зауыт, фабрикалардан шыққан қалдықтарын суға төкпеу;
— тазартқыш қондырғыларынан сүзіп өткізу;
— мемлекеттік заңда көрсетілген өзен, көл суларын қорғау туралы іс — шаралар
орындалып отыруын қадағалау.)

2. «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша Гидросфераның құрамдас бөліктерін атап, тақтаға топтастыру.
Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу (МҰХИТТАР)
Сұрақтары:
1. Су тек мұз түрінде кездесетін ғаламшар?(Марс)
2. Гидросфераның құрамдас бөлігі (Мұздық)
3. Судың көп бөлігін алып жатқан гидросфераның бөлігі / яғни 97 пайызын (мұхит)
4. Су қабығы (гидросфера)
5. Қайда 20 млрд км3 су бар? (мантия)
6. Гидросфераның тығыз байланыстағы қабығының бірі (атмосфера)
7. Мұхиттардағы, атмосферадағы, өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы, жер астындағы сулар үнемі неде болады? (айналым)
8. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ішіндегі тек қай ғаламшарда су сұйық күйінде кездеседі? (Жер)

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балғын бөбек ақыл – ойдан нәр алған,
Айтты суға, ағып тұрған краннан:
— Сен қайдансың? Неден пайда болғансың?
— Мұхиттанмын, мен мұхиттан жаралғам!
Сосын бөбек ақыл – ойдан нәр алған,
Көк орманда жасыл – желек оралған.
— Сен қайдансың? – деп сұрады шықтан бір.
— Мұхиттанмын, мен мұхиттан жаралғам!
— Сен, газды су, көпіршік боп таралған,
— Біліп қой, дос, мен шалғайдан келгенмін.
— Мұхиттанмын, мен мұхиттан жаралғам!
Балғын бөбек ақыл – ойдан нәр алған,
Боз тұманнан, бұталарға оралған.
— Сен қайдансың? – деп сұрады, ол айтты:
— Мен де, досым, Көк мұхиттан жаралғам!
Ғаламат па? Болмаңыздар шүбәлы,
Бозғылт тұман, мама бұлттар шұбады.
Ішкен шайың, қырау мен шық, әр тамшы,
Барлығы да мұхиттан боп шығады!
Ендеше балалар, жер ғаламшарындағы барлық судың атасы, адамзатқа әлі түсініксіз болып жатқан өзгеше әлем дүниесі – мұхиттар әлеміне арналған сабағымызды бастайық.

— Мұхит деп нені айтады? Мұхит деп жер бетінің 34 бөлігін алып жатқан орасан зор суды айтамыз, егер глобусты шыр айналдырып қарасақ көгілдір түстің басым екенін көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады, оның үлесіне бүкіл жер бетінің 361млн. шқ. тиеді. Дүниежүзілік мұхит бір — біріне жалғасып жатқан жеке — жеке төрт мұхиттан тұрады. Дүниежүзілік мұхиттың кез – келген нүктесінен келесі нүктесіне құрлыққа аяқ баспай жетуге болады.
— Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлықты материктер немесе континенттер деп атайды. Дүние жүзінде алты материк бар.
(оқушылар материктерді атайды)
Мұхиттардың атауы.- 1520 – 1521 ж. ж. Ф. Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде алғаш рет Тынық мұхитын жүзіп өткен, сол сапарында ешқандай дауылға, цунами толқындарына ұшырамағандықтан, оған «Тынық мұхит» деп ат қойған. Шын мәнінде ең тынышсыз, дауыл жиі болып тұратын мұхит.
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/