Алматы облысында күйеуін жүк көлігінің астына итеріп өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты
Алматы облысында ер адамды жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйел адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Kznews.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.
I блыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) фактісі бойынша сотқа берілген К. қатысты үкім шығарды.
«2023 жылдың қазанында сотталушы К. Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Бішкек автожолының шетінде масаң күйде бола тұра, өзінің азаматтық некедегі күйеуі М. арасында туындаған жанжалдың салдарынан оны жүріп бара жатқан жүк автокөлігінің дөңгелектерінің астына итеріп жіберген. Жәбірленуші М. алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болып кеткен», — делінген хабарламада.
Сотталушының кінәсі толығымен дәлелденген және қылмыстық іс материалдарымен расталған, атап айтқанда, сотталушының айғақтарымен, күәлардың жауаптарымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдермен дәлелденді.
«ҚК-нің 53, 54-баптарының талаптарына сәйкес сотталушы К. қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған. Ал ауырлататын мән-жай – алкогольді масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Сот үкімімен сотталушы К. ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енбеді.
фото: Kyn.kz