“Атын кім деп қоямыз?”-әнші Төреғали қуанышты жаңалығымен бөлісті
Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол асылтұқымды сәйгүлікті сыйға алғанын жеткізді. Бұл қымбат сыйлықты тарту еткен Ұлан есімді ағасы екенін де атап өтті.
«4 жыл бұрын Ұлан ағаның әкесі ат атаған болатын. Таңдайтын күн бүгін туыпты. Бақ сыйлаған Алладан айналайын, ат сыйлаған ағадан айналайын!
Тұлпар десе жан бар ма туламаған,
Тулағанда қолыма туды ала алам.
Ұлы дала ұлына ұлы сыйлық
Жасаған жасай берсін, Ұлан ағам!
Ұлан ағам туған ғой ұлы анадан! Атын кім деп қоямыз?», – деп жазды ол.
фото: ашықдереккөз