Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Dala News журналистерін қолдауда

0
Бұл туралы министр өз Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Құрметті әріптестер!
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Dala news тәуелсіз басылымының айналасындағы жағдайға алаңдаулы.
Қазақстан Республикасының Конституциясына, сондай-ақ «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға сәйкес елімізде сөз бостандығына кепілдік берілгенін, цензураға тыйым салынғанын атап өту маңызды.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған заңның 20-бабына сәйкес, журналист авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, құпияны сақтауға құқығы бар.
Қазіргі уақытта Dala news редакциясы бұрын жарияланған мәліметтерді жоққа шығарып, сол арқылы қолданыстағы заңнамаға сәйкес БАҚ міндеттемесін орындаған мақала жариялады.
Осы фактіні назарға ала отырып, Министрлік жағдайды ерекше бақылауда ұстайды. Сондай-ақ аталған БАҚ-қа көрсетілуі мүмкін қысымнан қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізуде.
Уважаемые коллеги!
Министерство культуры и информации РК обеспокоено ситуацией, складывающейся вокруг независимого издания Dala news.
Важно отметить, что согласно Конституции Республики Казахстан, а также Закона «О средствах массовой информации», в нашей стране гарантируется свобода слова, а цензура запрещена.
Кроме того, согласно статье 20 вышеуказанного Закона, журналист имеет право на сохранение тайны авторства и источников информации, за исключением случаев, когда эти тайны обнародуются по требованию суда.
В настоящее время редакция Dala news уже разместила статью с опровержением ранее опубликованных сведений, тем самым выполнив обязательство СМИ в соответствии с действующим законодательством.
Принимая во внимание данный факт, Министерство держит ситуацию под особым контролем и уже проводит соответствующую работу совместно с правоохранительными органами в целях защиты указанного СМИ от возможного давления.