Төреғали Төреәлінің жары денсаулығында кінәраты бар қызына әсерлі жазба арнады

0

Әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы тұңғыш қызының өмірге деген көзқарасын қаншалықты жақсы жағына өзгерткенін әлеуметтік желідегі парақша арқылы жеткізді.

“Кәусарым! Сән қызымен өткізген уақыт сондай шүкіршілікке толтырды. Ұзақ жыл бойы Кәусардың денсаулығы түзелсе, өмірім идеал болар еді деген ойда жүріппін. Сондықтан көп қуанышты бағалай алмай, қиялымдағы өмірді аңсаумен біраз уақыт өткізіп алдым. Таңдау – әркімнің өзінде. Болмашы мәселеден түңіліп, өзін жеп те өмір сүре алады. Ал кейбір адамдар тамшыдай ғана бақытты көріп, бақытты өмір кеше алады. Өмірге аяқсыз келген Ник Вуйчич те өмірден түңіліп, құрдымға кетсе бола еді. Бірақ ол өзінің шектеулі екеніне қарамай, шексіз мүмкіндіктерді пайдаланды. Міне, бір ғана үлгі алатын дүние”, – деді Толқын.

коллаж stan.kz