«Жемпір киіп жүре аласыз». Қарағандының әкімі тоңған тұрғындарға кеңес берді
Қарағанды қаласының әкімі тұрғындарға қалың киім киюге кеңес берді.
Қала әкімі Мейрам Қожықов Қарағанды халқына отыз градустық аязда жылы киім киюге және электр желілеріне ауыртпалық түсірмеуге кеңес берді.
Қарағандыда аязды күні шағын аудандар бірнеше сағат бойы жарықсыз қалған болатын. Бұл жағдайға қатысты қала әкімі де үнсіз қалмады. Шенеуніктің айтуынша, ЖЭО тұрақты жұмыс істеп тұр. Алайда жарықсыз сөнуі сынды проблемалар қала тұрғындарының жылытқыштарды тым көп пайдалануына байланысты болған.
«Неге бұлай болды? Барлық жылытқыштар қосылып, электр желілерінде үлкен жүктеме болған. Достар, мен түсінемін. Үйде футболкалар мен шорт киіп жүруге ыңғайлы. Үйдегі температура 28 градус болғанын қалайсыздар. Бірақ мен тағы да түсіндіргім келеді, егер сіздің үйіңізде 21-22 градус болса, бұл қалыпты жағдай. Жылытқышты қосудың қажеті жоқ. Сіз жай ғана пеньюарды шешіп, жемпір киіп жүре аласыз», — деп жазды Мейрам Қожықов әлеуметтік желілерде.
фото: ekaraganda.kz