Ақмарал Науатбек пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды

0

17-18 ақпанда Германияның Гейдельберг қаласында пара дзюдодан өтіп жатқан Grand Prix турнирінде Қазақстан қоржынына қос жүлде түсті.

Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, аталмыш жарыста ел намысын 13 ер, 6 әйел спортшы қорғауда.

Бәсекенің бірінші күні Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.

Тағы бір қазақстандық Ерғали Шамей J1 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын параспортшы Ақмарал Науатбектің Азиада чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.