Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы министр болды

0

Рамзан Қадыровтың кенже ұлы Ахмат Қадыров жоғары лауазымды қызметке тағайындалды. Ол республиканың жастар ісі жөніндегі министрі болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Шешенстан парламентінің төрағасы Магомед Даудов құттықтап, жазба жариялады.

“Менің қымбатты жиенім Шешенстан республикасының жастар ісі жөніндегі министрі Ахмат Қадыровты Қадыров орденімен құттықтаймын! Оған бүгін «Техноспорт первых» спорт фестивалінің ашылу салтанатында Шешенстан республикасының ең жоғары наградасын табыстағаныма қуаныштымын, — деп жазды Даудов.

Айта кетейік, 2023 жылдың қараша айында Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы Шешенстанның дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты жөніндегі министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Сол айда Ахмат Қадыров 18 жасқа толған.

Сондай-ақ Рамзан Қадыровтың 24 жастағы қызы Айшат Шешенстан үкіметі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған.