Ескі киімдерін сатылымға шығарған Ерке Есмахан тапқан табысын айтты

0

Ерке Есмахан осыдан біраз уақыт бұрын киілген киімдерін сатылымға шығарған болатын. Өнер иесі гардеробын босатып, қанша табыс тапқанын айтты. Бұл туралы Kaz.nur.kz жазды.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарының сауалына жауап берді.

«Киімдеріңізді сатып, қанша ақша таптыңыз?», — деп сұраған желі қолданушысының бірі.  Ал Ерке Есмахан оқырманына жауап беріп, тапқан табысын жасырмай айтты.  «Ақша санауды қатырасыздар, иә? Сол киімдердің барлығы сатылып кетті. Алған жандар игілігіне кисін. 7-8 млн теңге шамасында табыс таптым», — деп жазды Ерке.

Айта кетейік, былтыр қараша айында әнші гардеробын жаңартып, қымбат сахналық киімдерін сатылымға қойған болатын. Сатылған заттар арасында су жаңа көйлектер де болған.

«Киімдерді реттеуге енді қол жетті. Киілмей кеткен киім өте көп. Беретінін берем, сататынын сатамын. Тастайтын киімдерім де бар. Алла кешірсін, ысырап болып жатыр. Сөмкелерім де өте көп. Екі көмекшім үлгермей жатыр. Сыйланбайды, тек арзан бағаға сатылады. Он сөмке киім шықты. Ескі киімдер емес. Бір рет киілген және тіпті жаңа көйлектер бар. Қимастық сезім болып тұр. Әр көйлекке қарап, қаншама той мен концерт есіме түсті», — деп жазған болатын әртіс.