Қызылордада мектеп оқушысының 6 жастағы баланы зорлағаны айтылды
Қызылордада 9-сынып оқушысы 6 жастағы баланы зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы айтты.
Полиция полковнигі Айдар Демегенұлының мәлімдеуінше, қылмыстық іс 10 ақпанда қозғалған.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың істің тергеу барысы департамент бастығының қатаң бақылауына алынды. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – деді ол.
Қазіргі таңда зардап шеккен бала қазір ауруханада жатыр.