“Аяқ-қолы жоқ адамдар протезге таласады: Жаңа реалити-шоу желіде дау тудырды
Аяқ-қолдары жоқ адамдар жалғыз протез үшін таласатын шоу адамгершілікке қайшы. Ал баспалдақпен жоғары өрмелеу кезінде мүгедек жандар құлап қалса, арты қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін.
Қазір шоу авторлары іздестіріліп жатыр дейді, dalainside телеграмм-арнасы. Оларды кемінде айыппұл күтіп тұр.
Бұл шоудың қанша эпизоды түсіріліп үлгерді, ол жағы белгісіз. Дереккөздің айтуынша, түсірілім Алматыдағы студиялардың бірінде өткен.
Осы тұста әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Олардың басым бөлігі бұл жобаға жаппай қарсылық танытса, енді бірі қолдап жатыр. «Мүгедектерді қорлау ғой мына шоу. Жабылуы керек», «Дұрыс болған екен», «Егерде осындай шоуға қатысып, жақсы әсер алса — онда қолдауға тұрарлық дүние екен…Жалпы қатысушылардың ой-пікіріне қарауымыз керек», «Жапқаны дұрыс емес!» деп адамдар өз пікірін әлі де ортаға салуда.