«Де Ла Хойяның артына тығыла берме». Джермалл Чарло «Канело» мен Головкинді жұдырықтасуға шақырды
Америкалық алдағы демалыста ресейлік Матвей Коробовпен (28-1, 14 КО) жұдырықтасады және осы жекпе-жекте атқаты боксшылдардың өзінен неге қашқақтайтынын көрсетпек екенін мәлімдеді.
«Альварес қорқады. Қайдасың сен, Даршын? Біз сені баяғыдан бері жекпе-жекке шақырып келеміз, көрінетін уақытың келді ғой. Адамдар ағайынды Чарлолардың әлем мықтыларымен жұдырықтасқанын көргісі келеді. Біз сені сондай деп есептейміз. Қане, дос. Де Ла Хойяның артынан тығыла бермеші», — деп келтіреді Чарлоның сөзін Fighthype.com.
Америкалықтың сөзінше, қазір «Головкин қартайған» шақта, ол алдымен «Канелоны» жеңіп, артынан қазақстандықты жәй ғана асай салуға дайын екен.
Еске салайық, 28 жастағы Чарло орта салмаққа 2017 жылы өтіп, алғашқы орта дививзионда IBF белбеуін бос қалдырды. Биыл наурызда отандасы Уго Сентеномен (26-2, 14 КО) жұдырықтасып, WBC (Interim) белбеуін иеленді.
Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/