жаман, жақсы, сұңқар, құс, ит, тазы туралы мақалдар
Қарға қарғаның көзін шұқымас.
Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.
Құс баласы қырымға қарайды.
Қаршыға ілген қазға сын.
Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.
Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.
Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.
Ит тамағы үшін жүгіреді.
Құс тамағы үшін ұшады.
Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.
Құс тамағы үшін қолға түседі,
Балапаны үшін торға түседі.
Құс патшасы — бүркіт,
Аң патшасы — арыстан.
Бөдененің үйі жоқ,
Қайда барса бытпылдақ.
Екі тұйғын жабылса қаздың соры.
Атқанның құсын,
Жатқан байланар.
Ителгінің қызығына қызсаң,
Қаршығаңды қамшы етерсің.
Ақсұңқардың баласы,
Алдына қоймай ас жемес.
Анық жақсы баласы
Адамнан туса жат демес.
Сақ қарға сағағынан ілінер.
Құстың алғанынан,
Салғаны қызық.
Құс – қанаттасымен қатар ұшады.
Торғай
Жаңбыр жауса,
Баласын қорғайды;
Бұршақ жауса,
Басын қорғайды.
Жас бала құстың көлеңкесіне де тоңады.
Қарға қаңқылдаса,
Қысты шақырады.
Қаз қаңқылдаса,
Жазды шақырады
Көкте тырна қиқуласа,
Көлдегі қаз қанатын қағар.
Құс жеткен жеріне қонар,
Қонақ қалаған үйіне қонар.
Ақ шалаға көрінді –
Алыс емес су жақын.
Шағала келмей жаз болмас,
Шаңқан келмей, боз болмас.
Ұшқан құстың жолы жоқ,
Өтірік сөздің түбі жоқ.
Сауысқаннан сақ бол.
Ат аяған жерге қарар,
Құс аяған көкке қарар.
Құс жаман шажа,
Дос жаманы бажа.
Итті тепкен, ырысты тебеді.
Ит құтырса — иесін қабады.
Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас.
Міріден сірі айырады.
Айналаға атқан оқ ажалдыға тиеді.
Аңды ерінбеген атады,
Я көрінбеген атады.
Қаңтар қақпанды сүйер,
Сонаршы ақпанды сүйер.
Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алады.
Ай жарықта қоян арық.
Тағыны жеткен алады.
Қаз орғанына семіреді.
Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.
Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.
Алпыс қарсақ ат болмас.
Қоянның қарамын көр де, қалжасынан түңіл.
Қашқан қоян, жатқан қоянды ала кетеді.
Құлан қырда, құндыз суда.
Құстың қуы сауысқан.
Өлі бөріден ит аттамас.
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.
Ит ішіне сарымай жақпайды.
Ел қонбай, ит тынбас.
Жетектеген төбет қораға үрмес.
Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді.
Жақсы ит иесінің көз — құлағы.
Ит атасын танымас.
Құмай тазы қуғанын алады.
Қабаған ит қайыр байлайды.
Жоны қашқан итке өлексе жоламас.
Ит жеңгенін талайды.
Байлаулы ит үреген,
Байлаусыз өгіз сүзеген.
Бір ит көріп үреді,
Екі ит еріп үреді.
Бұралқы ит үріп жағынады.
Жақсы ит өлімтігін көрсетпес.
Ит иттігін қылмай қоймас.
Итке ит жерошақтың басында ұшырасады.
Ит жемес асынан дәметеді.
Қазаныңнан қақпақ кетсе,
Иттен қанағат кетер.
Қасқырлы жердің елі айтақшыл.
Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.
Ит баласы жырымға қарайды,
Құс баласы қырымға қарайды.
Саятшылық сабырлыға жарасар.
Құс өз жемінен өзі қақалмайды.
Сұрама құстың қайда екенін, сұра сайрағанын.
Құс қарағына,
Ер жарағына.
Сулы жер, нулы жер —
Құс біткенге туған жер.
Тауық құсқа ұшу жоқ.
Там үйлерге көшу жоқ.
Кептер кептермен табысса,
Сұңқар сұңқармен алысады.
Тордағы торғай
Төбедегі тырнадан артық.
Шымшықтан сұңқардың батылдығын күтпе.
Бір таспен екі құсты ұрып алды.
Қазбен таласқан қарғаның таңы айырылар.
Қаз қозғалса, үйрек көлді жағалайды.
Шыдамсыз лашынды бөктерсе,
Асықпаған сұңқарға жетер.
Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Жақсы адамның көңілі хош болады.
Қанатсыз құс –
Жапырақсыз ағаш.
Адам да бір жыл құсы,
Ұстатпайды күлкісі.
Беталды ұшқан құс
Қонарға тал таппас.
Құс ұясында не көрсе,
Соны алады.
Жерде жатқан жұмыртқа,
Аспанда ұшар құс болар.
Жаман құсты жақсы бақса – сұңқар болады.
Бөдененің ұясын көр де, етіне өкпелеме.
Көл тартылса құс қашар.
Ит үреді, керуен көшеді.
Қағынан құлан жерісе, су таба алмай шөлде өлер.
Дереккөз: http://bilimsite.kz/