Кәсіпкерлер салық мөлшерін төмендету мақсатында митинг өткізді
Алматы әкімдігінің алдына бөлшек сауда саласымен айналысатын кәсіпкерлер жиналды. Дүкен иелері салықты елдің бірқатар аймақтарындағыдай 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуді талап етті.
Адамдар қазір бағаның өсуіне байланысты қиын жағдайда қалды. Жалға алу, коммуналдық қызметтер, сақтандыру қымбаттап, басқа да шығындар өскенімен, үй маңындағы дүкендердің табысы өспейді. Алматыда бүгінде бес мыңға жуық бөлшек сауда нүктесі бар.
Жергілікті атқарушы органдар салық кодексіне сәйкес мөлшерлемені 50 пайыздан аспайтын мөлшерде ғана төмендете алады. Мұндай тәжірибе Астана қаласында, Қарағанды, Қызылорда облыстарында қолданылды. Алайда Алматы қаласы әкімдігі бұл өзгеріске асықпайтын көрінеді.
Кәсіпкерлер бастапқыда мәселені «Атамекен» ұлттық палатасы арқылы шешуге тырысқанымен бірақ нәтиже болмаған. Кейін мәслихатқа жүгінген, алайда ондағы депутаттар да бизнесмендерге көмектесуге ниет білдірмеген.
Митингке қатысушылармен кездесуге кәсіпкерлік басқармасының басшысы Берік Солтанбаев шықты. Ол адамдарды бұл мәселені кейінге қалдыруға көндіруге тырысты. Бірақ жиналғандар айтқандарынан қайтпағандықтан, келіссөздер әкімдік ғимаратының ішінде жалғасты.
Кездесу қорытындысы бойынша, кәсіпкерлерді әкімдік өкілдерімен ғана емес, прокуратура, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ мәслихаттың қатысуымен толығырақ талқылауға шақырды. Келесі келіссөздер 18 ақпанға жоспарланды.
фото: Orda.kz