«Мұнда бір шикілік бар»: Меруерт Түсіпбаев ҚазҰУ-дағы қыздардың пәктігіне қатысты бар шындықты жайып салды
Әнші, эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева ҚазҰУ-дағы қыздардың пәктігіне қатысты өз шындығын айтты. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Өнер иесі оқиғаға қатысты ащы шындықты өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.
«Жақында ғана, қазақтың қыздары, қазақтың әйелдерінің өмірі неге сонша күрделі деп разбор жасап едім….. Менің постымнан кейін, мінекей — тағы бір тосынсый. Аталмыш ВУЗ-дың әкімшілігі қанша ақталып, осы мәселені жылы жауып, мәймөңкелегенімен (?!), бұл тізімнің жарыққа шығуында, бұның астарында бір шикілік бар-ау….Оны ақымақ болмасаңыз — аңғарасыз…. Сонымен, бұл ТІЗІМ кімге керек болды екееееен?!Ау! Жаңа ғана өмірін бастап жатқан жауқазын қыздардың жеке шекарасын бұзғанша, білім деңгейін ойламайсыздар ма?! Бәрін қатырып тастап, енді қазақ қызының арын таптайтын осы тізім қалып па еді?! Ұят!! Куда мы катимся?! Северная Корея демалсын! Қыздарымыздың көрпесін көтергенше — сапалы білім беріңіздер! Неге қазақтардың басым бөлігі балаларын шетелде оқытады?! Бұл қылмысты жылы жаппай, мемлекет тарапынан тексеріс қажет!!», — деп жазды ол.