«Тойбастарға бренд таратты»: Танымал сынықшы, блогер Айнұр Асқарқызы қызының туған күнін дүркіретіп атап өтті
Елге белгілі сынықшы, блогер, кәсіпкер Айнұр Асқарқызы қызының туған күнін ерекше стильде атап өтті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Той иесі ағайын-туыспен бірге, есімі елге белгілі өнер иелерінің басын қосты. Блогердің қызы Айкөркем 1 жасқа толды.
“Жақсыларым, осындай той сіздерге де жұғысты болсын! Алматыда той жасау оңай емес екен. Бір жылап, бір күліп, қатты қобалжып отырмын. Бүгінгі тойдың алғашқы образы. Әлі неше образ бар деп ойлайсыздар?”, – деп қызықтырып қойды блогер.
Сонымен қатар келген қонақтар тойдың ерекше тұстарын жарыса жазып жатыр. Айтуынша, тойбастар мен келген қонақтарға тек бренд заттар таратқан.
“Қазақстандағы бренд төгілген №1 той. Барлық образым ұнап тұр. Бір тойда 4 көйлек ауыстырдым. Тойды 5-те бастап, түнгі 2-де бітірдік. Құшағым гүлге толды. Бір қонақ кешікпей, айтқан уақытта тойды бастадық. Сыйлағандарыңызға рақмет! Қызымның тұсауын елге белгілі журналист, блогер, кәсіпкер, өте пысық құрбым Айнұр Асанберді кеседі. Оған рақметім ретінде Миланнан арнайы алдыртқан орамалды сыйлаймын”, – деп жазды сынықшы.
Шақырылған қонақтар тойдан алған әсерін айтып, жеткізе алмай жатыр.
“Тойға барып, ертерек қайтып кетіп едім, Dyson ұтып алыппын. Той керемет өтті”, – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
“Бір үстелден 8 адамға ұтыс шықты. Кілең бренд заттар. Өзім де бренд орамал ұтып алдым”, – дейді Құралай ханым.
“Бүгін қызметтемін. Той ұйымдастыру жағын қолға алдым. Өте керемет той болып жатыр. Ерекше ұнағаны – құны 4 миллион теңге тұратын торт. Қызымыз Айкөркем нағыз қазақ екен, домбыраны таңдады”, – дейді психолог Балқия Балтабай.
Желі қолданушылары мен блогердің оқырманы туған күн иесіне ақжарма тілегін жаудырып жатыр.