«Әкесімен жасты адам»: Щучинскіде тағы да жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалды
Бұл жолы жанармай құю бекетінде жеңіл көлік жүргізушісі «жол бермеді» деп жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан, деп хабарлайды Kznews.kz сайты.
Ақмола облысының Полиция департаменті ер адам ұсталып, үстінен іс қозғалғанын хабарлады.
«Биылғы жылғы ақпанның 10-да Ақмола облысы ПД қызметкерлері Щучье қаласында жанар-жағар құю станциясында жедел жәрдем автокөлігінің жүргізушісіне дене жарақаттарын салған ер адам ұсталды», – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.