Алматыдан 270 шақырым қашықтықта жер сілкінді

0

«Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан күні сағат 6:41-де жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.6. MPV магнитудасы 4.2. Эпицентр координаттары 41.21° с. е. 78.77° ш. б. Тереңдігі – 5 км. Қазақстанда сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) туралы деректер жоқ», — делінген хабарламада.