Еден жуушы болып жұмысқа кіру үшін 500 теңге сұрайды — депутат
Мәжіліс отырысында депутат Дәулет Мұқаев әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлық туралы мәселе қозғалды.
“Ол туылғаннан бастап қайтыс болғанға дейін барлық жерде бар. Баланы балабақшаға, сосын мектепке орналастыру туралы сұрақтар туындайды. Әрі қарай білім алу, отбасы, жұмысқа орналасу.
Бізге Қызылорда облысы мен өзге өңірлерден түрлі хаттар келіп түсуде. Мәселен, жай тазалықшы болып жұмысқа кіру үшін 500 мың теңге, мұғалім болу үшін миллион жарым теңгеге дейін сұрайды. Мен оларға Антикорға хабарласуды сұраймын”, — деді депутат.