“Депутат Дәулет Мұқаевқа 20 миллион теңге бөлінген” — құрылыс компаниясына алданғандар жаңа деректермен бөлісті

0

Депутат Дәулет Мұқаев пен әнші Төреғали Төреәлінің жарнамасына сеніп, құрылысы компаниясына алданғандар туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды.

Аталмыш “Max Bet” компаниясының директорының адвокаты Депутат Мұқаевқа жарнама үшін 20 миллион төлегенін айтты. Алданып қалған азаматтардың саны 50-ден асады. Олар жарнаманы инстаграмм парақшадан көрген. Дәулет Мұқаевтың артынан барғандар 20% жеңілдікке ие болатыны айтылған. Бірақ тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмай жатып-ақ тоқтаған.

Депутаттың бұл ісінк наразылық білдіргендер Мәжіліс спикері Ерлан Қошановқа хат жазыпты. Мәселе Депутаттық әдеп кеңесі отырысында да қаралған. Алайда Дәулет Мұқаев жазбаша және түсініктеме арқылы жарнама бергендерге жеңілдік берілетінін айтқан соң, осындай қадамға барғанын жеткізген.

фото: dauletten.kz