Аймағамбетов вице-министрлерге не үшін ұрсып тастады
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов комитет отырысында нақты сөйлемеген вице-министрлерді қатаң сынап тастады, деп хабарлайды Kznews.kz.
«Бірдеңені түсіндіңіздер ме, әріптестер! 32 деді, 72 деді, ол қай сандар? Қандай жүйе мәселе? Бес минут сөйледіңіз. Бір проблеманы да ашып көрсете алмадыңыз, ол проблеманың шешімін де көрсете алмадыңыз. Жалпылама сөз. Бір мәселені де түсінген жоқпыз. Заң жобасы шеңберінде тікелей сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша соншалықты нормаларды көріп отырған жоқпыз. Заң жобасын бәрін шешетіндей көрсетіп отырсыз. Бірақ оның ішінде басқа мәселелер қамтылып отыр. Сөйлегеннен кейін нақты проблеманы айтыңыз», — деді Аймағамбетов.
Осыдан кейін сөз еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовқа берілген. Алайда ол да нақты сөйлемей, оған да Аймағамбетов ескерту жасады. Осыдан кейін басқа вице-министрлерді тыңдағысы келмеген депутаттар сұрақ-жауапқа көшіп кетті.
Депутаттар мен үкімет мүшелері отырыста маска тағып отыр. Парламенттің төменгі палатасында маска режимі енгізілген. Коронавирусты 15 депутат жұқтырып алған.