Полиция Түркістанда балаларын өлтірді деп күдікке ілінген әйелді ұстады

0
Түркістанда екі баласын өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kznews.kz аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.
Күдікті Шымкенттегі қонақ үйледің бірінде ұсталды. Қамауға алынды. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов қылмыстық істің фактісін растап, балалардың денесі өлім себебін анықтау үшін сараптамаға жіберілгенін хабарлаған. Ол сондай-ақ болған оқиғаның мән-жайын анықтау және Қызылорда облысында тұратын анасын іздеу үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын атап өткен еді.