“Ұстаздардың қол көтеруге құқығы жоқ” — Мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал видеоға түсіп қалған
Алматы облысында химия пәні мұғалімі мен оқушы арасында жанжал болғанын көрсететін видео тарады. Оны оқушының анасы жариялаған. Ата-ананың айтуынша мұғалім оқушыны үйде дәптер ұмытып кеткені үшін дауыс көтеріп, қолынан ұстап, итеріп жіберген. Ал осы оқиға бойынша күйеуі полицияға арызданыпты.
Оқушының анасы бұрын-соңды бұл мұғалім бала сабаққа екі минут кешіккені үшін артынан теуіп, қуып жіберген. Осы жағдайлардан кейін ұлының денесінде бөртпе пайда болыпты. Ал мұғалімді ұжымы жақтап отқан көрінеді.
“Ұстаздардың оқушыға қол көтеруге құқығы жоқ!”, — деп анасы жан айқайын жеткізді.
Алайда Алматы облысы әкімдігі мұғалімге сөгіс жариялап, түсіндірме жұмысын жүргізген.