Түркияда Абай атындағы лицейде кездесу өтті

0
Ыстанбұл. Қазақтың Бас ақыны, ұлы ойшыл, өз заманның ерекше тұлғасы Абай атаның есімін ұлықтау шарасы жер-жерлерде өткізілуде. Қазақ қандастар өкілдерінің көп тұратын Зейтұнбұрын ауданның орталығында Абай атындағы алаңда Абай ескерткіші бой көтерген. Ыстанбұлға келген Қазақстандықтар өздерінің іс-сапарын осы ескерткішке тағызым етуден бастайды. Ауданда Абай атындағы қыздар орта мектебі жұмыс істейді. Қазақстанның Бас консулдығы мен мектеп ұжымы арасындағы ынтымақтастық келісім-шарт жасалған.
Тәжірибелі дипломат Нұриддин Аманқұл Бас консулдың қызметінің алғашқы күні Абай ескерткішіне гүл шоғын қойып, осы мектеп ұжымына Абайдың үлкен портретін табыстап, домбыра курсын ашқан еді. Енді міне қаладағы Сұлтанғазы ауданында Абай Құнанбай атындағы лицейде Бас консул Нұриддин Аманқұл, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркия өкілі, Қазақстан мәдениет және сауда орталығының басшысы, Ыстанбұлдағы бірінші Қазақ консулы қызметін атқарған Ержан Уәйіс, консул Алмат Алтай кездесуде болды.
Мектептің ішкі жұмыстарымен танысты. Оқу орнына 1995 жылы Абай атаның есімі берілген. Мұнда 1800 бала білім алады. 90 астам ұстаз дәріс береді. Ауданда пәндік олимпиадалық жарыстарда жеңімпаз атанды. Бас консул Нұриддин Аманқұл мен мектеп директоры Фатих Илмаз ынтымақтастық шаралар бойынша келісім шартқа қол қойды. Алда Науырыз мерекесі күндерін бірлесіп өткізуге шешім қабылданды.
Мектепке Абайдың қолдан майлы бояумен жазылған портреті сыйға тартылды. Оны Қазақстан мәдениет және сауда орталығының жаупты қызметкері Нұрбазар Жәңгіртегі сызған еді. Жоғарғы талғаммен әдемі жасалған атаның бейнесі мектептің көрікті төрінен орын алды. Ұстаздар мен оқушылар қатынасқан жиында Қазақстан туралы, Абай ата жайында, Қазақстан мен Түркия достығын паш ететін жақсы әңгімелер тілге тиек етілді.
Бұл Абай Құнанбайұлына, бұл Қазақ халықына деген шексіз құрмет. Түркі халықтары арасында Абай есімі алтын әріппен жазылды. Қазіргі ұрпақ үшін бұкіл түркі дүниесі үшін айтулы оқиға.
Абай ата есімі мәңгі жасайды!