Павлодар тұрғыны шығарылды облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығынан шығарылды

0

 24-қаңтар күні сағат 16:20 шамасында 103 нөміріне Павлодар қаласында әйел адам көшедегі азаматтарға агрессия танытып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Оқиға орнына келген медициналық бригада психикалық ауытқулары белгілерімен 66-жастағы әйел адамды Р.Б. Павлодар облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығына жеткізді.

Орталық дәрігерлері тарапынан науқасқа екі күн бойы ем қабылдау шаралары жасалды. Медицина қызметкерлерінің қарауынан кейін денсаулық жағдайының жақсаруына орай, консилиум шешімімен науқас диспансерлік бақылау ұсынысымен үйіне қайтарылды.

Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес, алдағы уақытта науқастың психикалық ауытқулары нашарлап, айналасындағы адамдарға зиян келтіру ықтималдығы қайта байқалған жағдайда, ол емдеуге жіберілетін болады.