Қазақы бөлме: Қарақат пен Қыдырәлі Болмановтар жаңа үйіне румтур жасады (Фото)

0

Жуырда Қарақат пен Қыдырәлі Астанадағы жаңа үйіне көшті. Осыған орай Болмановтар барша жұлдызды достарын қонаққа шақырып, ас берді. Қарақаттың жаңа үйін журналист Айгүл Мүкей өзінің Instagram-дағы парақшасында көрсетті, деп хабарлайды Kznews.kz

Қарақат Әбілдинаның жаңа шаңырағына Майя Бекбаева, Айгүл Мүкей, Мөлдір Мұқанова, Динара Сәтжан, Маржан Арапбаева сында танымал жұлдыздар, әншілер мен тележүргізушілер жиналды. Жаңа жылдағы алғашқы отырыста Қарақат румтур жасап, жұлдызды құрбыларына өзінің су жаңа үйін көрсеткен. Әсіресе қонақтар қазақы стильде безендірілген бөлмеге сүйсінген.

Бұл бөлме қазақ шаңырағы қойылып, киіз үйді жабдықтары орналастырылған. Одан бөлек, жер үстел, құрақ-көрпелер бөлмпенің сәнін келтіріп, жерге отандық қолөнершілердің қолынан шыққан оюлы сырмақ-текемет төселіпті.

«Аты айтып тұрғандай, қазақтың иісі бұрқырап, аңқып тұрады. Қызыл, ашық түсті. Бөлмені сәні – атадан балаға мұра боп қалатын, мынадай текемет-сырмақтар, ескірмейтін, керемет қолөнер. Аяғыңды созып қойып, рахаттанып қыурдақ жеп, қымыз ішуге арналған бөлме», — деп таныстырды бөлмені Қарақат.

Одан бөлек, әншінің бөлмесіндегі арнайы қойма да қонақтардың көңілінен шықты. Оған әнші өзінің ерекше бұйымдарын, бағалы әшекейлері мен сахна киімдерін сақтайтынын жеткізді.

KZNews.kz