«Үйленейік» дегенде кетіп қалмағаныма өкінемін»: Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды

0

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова жастық шақтағы фотосын оқырмандарына көрсетіп, кей сәтте өкінетінін де жасырмады. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің оқырмандары сүйікті әншісін сабырға шақырып, өмір жолы тағдыр екенін жазып жатыр.

«Мына суретті 1980 жылдары түсірдім. Бұл Мақпал Жүнісованың тұрмысқа шықпаған кезі. Суреттің ұтып тұрғаны – көздің жұмылғаны. Сұлулықтың көздің жұмылғанында болатынын осы Мақпалдан көрдім», – деп жазған фотожурналист суретте.

Желі қолданушылары әншінің асқан сұлу болғанын жазып, жас шамасын да анықтап берген.

“16 жастағы Мақпал”, “Қобаға мұрын, қой көзді, ақша бетті нұр жүзді”, деген жыр жолдары бар, сол осы Мақпалға айтылғандай”, “Алма мойын, аршын төс, қиылған қас, қолаң шаш,қыпша бел, сүйрік саусақ, ақша беттің нақ өзі болып тұрсыз”, “Талай жігіттің арманы болып жүріп, Зәкеңдей азаматқа жар болғанына қуаныштымын” деген пікірде тыңдарман қауым.

Әнші оқырмандарына алғыс айтып, жас күніндегі суреттерге қараса “әттеген-ай” деп өкінетінін де жасырмады.

“Суретте 16 жаста емеспін. 16 жасымда қасым қалың, көзді бұлай бояған жоқ болатынмын. Кірпігімді анда-санда көтеріп қоятынмын. Бұл 19 немесе 20 жасым болуы керек. Сол кезде үйленейік дегенде, неге кетіп қалмадым деп осы шақта өкінетін сәттер болатын боп жүр. Кейде ойланып отырып өз-өзіме айтам, мүмкін Зәкеңе дөрекі сөйлеп, қысқа юбка киіп, жабыстырып шалбар киіп, шашты сарыға бояп, боқтық әңгіме айтқанда маған жоламай, өзі қашып кетер еді ғой” деп… “Шілей” сұлу болған да қауіпті екен”, – деп жазды өнер иесі.

фото: sn.kz