Халықтық педагогикасының бала тәрбиесінде алатын орны
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … … .3
1 ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… ..
1.1 Халық педагогикасындағы тәрбие салалары бойынша ғалым
педагогтардың еңбектеріне
шолу … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … 7
1.2 Халықтық педагогикасының бала тәрбиесінде алатын
орны … … … … … …13
2 ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АСЫЛ МҰРА … … … … … … …
2.1 Халық педагогикасындағы тәрбие негіздері және оның бала
тәрбиелеудегі
маңызы … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … .. 21
2.2 Бастауыш сыныптың тәрбие жұмыстарында халық педагогикасын
пайдалану
жолдары … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … . 29
Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстарының
нәтижесі … … … … … … … … 36
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … … .39
Пайдаланылған
әдебиеттер … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … ..40
Кіріспе
Жас ұрпаққа ұлтық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің
тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан — 2030” халыққа Жолдауының
“Қазақстан мұраты” бөлімінде былай баяндалған: “Ол ұрпақ тәрбиесінде дана
болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық
жасайды… Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы
нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар… күллі әлемге
әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады” [1]. Ал Қазақстан
Республиканың “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің міндеттері:
азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны – Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін
қастерлеуге әлемдік және отандық мәдениеттің жетістік түріне барлау, қазақ
халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен
дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру”, —
деп айрықша атап көрсетілген [2,10].
Егер Президенттің халық жолдауын ұлттық білім берудің және ұлттық
тәрбиені дамытудың перспективасы десек, онда “Білім туралы” заңда білім
жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсібін шыңдауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі шығады. [1,30]
Орыстың әйгілі педагогы К.Д.Ушинский “Орыс халқының бала тәрбиесі сол
халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Тәрбиенің негізінен
халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек” дейді.
Ал көркемсөз зергері, академик- жазушымыз М.О.Әуезов:“Біз ауыз әдебиетін
зерттей отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы
адамгершілік қасиеттер мен гуманизмді…Сол халықтың өткендегі өмірінен,
аңсау-арманынан, әдет-ғұрпынан, халықтық ұжымдық тәрбиенің жемісін көреміз”
деп әдебиеттің тәлімдік мәніне ерекше тоқталған болатын. [11]
Қазақтың тұрмыс-салтымен байланысты туған өлең-жырлары мен жиын-
тойлардағы ақындар айтысында, ұлттық ойын түрлерінде, терме, толғаулар мен
мақал-мәтел, афоризм сөздерде, билердің шешендік сөз өнерінде көзделетін
мақсат, біріншіден – ас пен тойды қызықты ету көрермен көңілін көтеру
болса, екіншіден – адамның көңіл-күйіне сөз құдіретімен әсер ету, жүрек
тебіренісін туғызу, үшіншіден – жиынға қатынасушы үлкен-кішінің бәріне
ақыл-нақыл айту, ой салу, жақсыдан үйренсін, жаманнан жиренсін, тәлім алсын
деген ойдан туындаған. Халықтық шығармалар мен ұлттық ойын түрлеріндегі
негізгі ой түйіні ұрпақтың еңбек сүйгіш, елгезек, малсақ болып өсуін
көздеу, еңбекке, өнерге тәрбиелеу. Осы мақсаты ата-ана, отбасы үлкендері,
ауыл-аймақ, ел-жұрт болып ұжымдасып, бірлесіп іске асырған.
Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың байланысын сөз ететін болсақ
профессор И.Т.Огородниковтың, Г.Н.Волковтың “Этнопедагогика” атты еңбегіне
жазған пікіріне сүйеніп, халық педагогикасы таза халықтық тәжірибеге
негізделген тәрбиенің эмприкалық түрі және ол этнопедагогиканың ғылыми
зерттеу обьектісі деп қарауға тура келеді. [26,32].
Ал академик Г.Н.Волков өзінің жоғарыда аталған еңбегінде халықтық
педагогиканың түрлерін ой елегінен өткізіп, зерттеп, оны оқу-тәрбие
ісінің құралы етудің жолдарын және оның шығу тегін, даму кезеңдерін,
өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен (этнография, фольклористика,
лингвистика, т.б.) байланысын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы
этнопедагогика екенін ғылыми түрде дәлелдеп берген болатын [32, 26].
Қазақ этнопедагогикасының да өзіндік туып, қалыптасу өркендеу тарихы бар.
Ол жөнінде профессор С.Қалиев өзінің “Қазақ этнопедагогикасының теориялық
негіздері және тарихы” (1998) атты монографикалық еңбегінде Ресей
ғалымдары Г.Н.Филонов, Г.Н.Волков, Л.Н Гумилев, Е.Л.Христова,
В.Ф.Афанасьев Орта Азия және Азербайжан, Татарстан елдерінің
ғалымдары А.Ә.Измайлов, Н.Сафаров, К.Пралиев, А.Ш.Гашимов,
Я.И.Ханбиковтердің теориялық еңбектеріне сүйене отырып, қазақ
этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасу дәуірін ғылыми
методологиялық тұрғыда үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші — қазақ
этнопедагогикасының алғаш туа бастау кезеңі деп атап, оған Х1Х
ғ. екінші жартысында өмір сүрген қазақтың демократ — ағартушылары
Шоқан, Ыбырай, Абай сынды үш алып тұлғаның педагогикалық
көзқарастарын жатқызады. Ал екінші этнопедагогиканың ғылыми
теориялық тұрғыдағы қалыптасу кезеңіне 1920 -1936 жылдарды алып,
Ахмет Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Н.Құлжанова,
Х.Досмұхамедов, М.Әуезовтердің ғылыми зерттеу еңбектерін арқау еткен.
Үшінші – тоталитарлық саясаттың кесірінен 30 жылдық үзілістен кейін қайта
туған қазақ этнопедагогикасының өрлеу кезеңіне 1970-1995 жылдарды
жатқызады. [26, 40] Ал таяуда “Білім” баспасында жарық көрген “Қазақ
этнопедагогикасының кеңестік дәуіріндегі тарихы” атты монографиясында
ұлттық педагогиканың іргетасын қалаушы Әмірхан Сыдықов, Шәрәпи Әлжанов,
Әбдіхамит Сембаев, Төлеген Тәжібаев, Қартбай Бержанов, Құбығұл
Жарықбаевтардың еңбектеріне тоқтала келе, ұлттық тәрбиемен арнайы
айналысқан Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Балтабай Адамбаев, Мұзафар
Әлімбаев еңбектеріне тоқталып жан –жақты талдау жасайды.
Еліміздің егемендік алуы қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесінің өсуіне,
оның ғылым, мәдениет, саясат, халықаралық қарым-қатынас құралына айналуға
мүмкіндік туғызды. Ол ғылым тіліне айналды.
1994-98 жылдары Білім академиясы профессор Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиевтардың
басшылығымен қазақтың 14-ғасырлық тәлімдік ой-пікір Антологиясының екі
томдығы шығарылды. [23,40]
Қазақ этнопедагогикасының проблемаларына арналған ондаған монографиялық
теориялық еңбектер баспа арқылы жарық көрді. Солардың ішінде С.Қалиевтың
“ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар ақын-жырауларының поэзиясындағы педагогикалық ой-
пікірлер” (1990), “Қазақ халқының салт-дәстүрлері және демократ
ағартушылары” (1993), “Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері”
(1998), “Қазақ этнопедагогикасының тарихы” (1999), С.Ұзақбаеваның “Тамыры
терең тәрбие” (1995), М.Әлімбаевтың “Халық ғажап тәлімгер” (1994),
Қ.Ж.Қожахметованың “Казахская этнопедагогика: методология, теория,
практика” (1998), т.б. еңбектерді ерекше атауға болады.
Халық педагогикасын орта мектептерде факультативтік сабақ ретінде өткізу
қолға алынды. Ол пәндерге арналып М.Құрсабаев, З.Ахметова, Ә.Табылдиев,
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Ашайұлы, С.Иманбаева, С.Ұзақбаевалардың
бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. [31,26]
Сондай — ақ орта мектеп оқушыларына арналған С.Қалиев, М.Оразаев,
М.Смаиловтардың “Қазақтың салт-дәстүрлері” (1994), Ж.Базарбаев,
Ж.Нұсқабаев, Қ.Дәулетовалардың “Инабат” (1995), Ә.Табылдиевтың “Тәрбие
тағлымы” (1996) атты оқулықтары шықты. Этнопедагогика пәні бойынша
педвуздарда спецсеминарлар өткізіліп, кафедралар ашылды. З.Әбілова,
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Бөлеевтер бағдарламалар жасады. Жоғары оқу
орындарының студенттеріне арналған З.Әбілованың лекциялар тезисі, ал
С.Қалиев пен Қ.Жарықбаевтардың “Қазақ тәлім-тәрбиесі” (1995) атты
оқулықтары шықты. [26,32]
Соңғы жылдары салт-дәстүрді халық педагогикасында қолдану проблемасына
бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалды. (Т.Ш.Қуанышев, А.С.Мағауова,
Қ.А.Сарбасова, Қ.К.Болатбаев) [4]
Т.Ш.Қуанышевтің зерттеуінде болашақ денешынықтыру мұғалімдерін дайындауда
ұлттық ойындардың құралдарын пайдаланып, олардың ұлттық ойындарды мектептің
оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға және өткізуге даярлығының қалыптасу
нәтижелері баяндалған. [32]
Педагогикасының прогрессивті дәстүрлерін жалпы білім беретін мектептердің
оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға болады, дегенмен, сол санаулы ғана
жұмыстардан бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушыларға ұлттық тәрбие беруге
дайындау проблемасының теориясы мен практикасы әлі зерттелмегенін көруге
болады. Берілген проблема, сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларына ұлттық
тәрбие беруге дайындаудың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерінен
тікелей келіп шығады.
Сонымен, қазақ мектептері практикасында ұлттық тәрбиені жүзеге асыру,
бастауыш сынып мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлық деңгейінің
негізінде жасалынбауы арқасында қайшылық туындап отырғаны зерттеу
проблемасын айқындауға негіз боллды. Сонда проблеманың көкейтестілігі мен
практикадағы маңыздылығы бізге зерттеу тақырыбын “Бастауыш мектеп
оқушыларын ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің педагогикалық негіздері”
деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын ұлттық салт-дәстүр арқылы
тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін жасаудың теориялық және практикалық
негіздемесін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1.Бастауыш мектеп оқушыларын халық педагогикасындағы ұлттық салт-дәстүр
арқылы тәрбиелеудің педагогикалық негіздерін жасау.
2.Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасындағы оқу тәрбие ісіндегі
теориялық практикалық негіздерін анықтау.
3.Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі көрсеткіштері олардың
этнопедагогикалық білімдері, іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуы және
дамуы арқылы көрсету.
Зерттеу нысанасы: – халық педагогикасының тәрбие негіздері.
Зерттеу пәні – бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жұмыстарында салт-
дәстүрлерді пайдаланудың жолдары.
Зерттеу әдісі: – теориялық талдау, әңгіме, сауалнама.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: (2017-2018 оқу жылдары)
Бірінші кезеңде зерттеу проблемасының теориялық негіздері жасалды, ұлттық
салт-дәстүрлерді мектептің оқу-тәрбие ісінде пайдалану жайлары, барысы
анықталып, оларды жақсарту және жетілдіру жолдары белгіленді. Алынған
материалдар зерттеудің ғылыми аппаратын және оның болжамын жасауға негіз
болды.
Екінші кезеңде бастауыш сынып оқушыларының арасында тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Бұл кезеңнің нәтижесінде жинақталған
материалдар қорытындыланды.
Үшінші кезеңде жинақталған материалдар, алынған нәтижелер мен
қорытындылар бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдістеріне ендірілді.
Зерттеу орны: Тараз қаласындағы №48 мектеп, бастауыш мектептің оқушыларын
ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеу жолдары.
Зерттеу болжамы – егер бастауыш сынып мұғалімдері оқу барысында
этнопедагогикадан теориялық және практикалық білімдерді меңгертіп,
бастауыш сынып оқушыларына ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбие берудің
формалары және әдістерін пайдаланса, онда сабақтарда салт-дәстүрлерді
пайдалану тиімді болар еді.
1 ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Халық педагогикасындағы тәрбие салалары бойынша ғалым
педагогтардың еңбектеріне шолу
“Тәрбиедегі мақсат – баланы тәрбиешінің дәл
өзіндей қылып шығару емес келешек өз
заманына лайық қылып шығару… әр тәрбиешінің
қолданатын жолы — ұлт тәрбиесі”.
М.Жұмабаев
Х1Х ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 30 жылдары өмір
сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани, әдеби өміріне
белсене араласқан, өздері мұғалімдік қызмет атқарған қазақ ағартушы
педагогтарының ұлтық идеялары туралы ой-пікірін зерттеу осы
кезде ерекше маңызды мәселе.
“Халықтың педагогикасына — делінген қазақ кеңес
энциклопедиясында,- тәрбие жөніндегі халықтық педагогикалық білім
тәжірбиесі. Халық педагогикасын зерттеу негізінде педагогикалық
мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетінің шығармалары,
этнографиялық материалдар, халықтың тәрбие дәстүрлері, халықтық
ойындар, жанұя тәрбиесінің тәжірбиелері т.б жатады…
Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және
өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру” (Х
том, Алматы, 1977, 591-бет) [11]
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі
жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы
жолдар, тиісті тәсілдерде болған. Мәселен мақал-мәтелдерде
адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар
насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл — ой тәрбиесі, өлең,
жыр-дастандарда әсемдік тәрбиесінің негізгі принциптері, ал
ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын
тәсілдік материал ретінде пайдаланылады. Демек, халықтың педагогика
— тәлім-тәрбиелік ой- пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани
мұрасы. Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт осындай халықтың
мұралардың бәрі бірдей кәдеге жарай бермейді, олардың озығымен
қатар тозығы да бар. Ең негізгі мәселе — бұларды бүгінгі күннің
талап-тілегімен байланыстыра пайдалана білу болмақ.
Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы-қазақ халқының салт-
дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-
ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде
қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-
дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәміздер, ырымдар мен тыйымдар,
түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып,
толысып, жаңарып отырады.
Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік,
қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік- барлық мәдени үлгі- өнегелі іс-
әрекеттердің көрінісі-әдеп деп аталады. Халықтық әдеп-ұрпақ тәрбиенің
өзекті арқауы.
Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы — әдет-ғұрып, оның
біржола өмір заңдылығына айналуы – салт-дәстүр деп аталады. Яғни,
дәстүр – қолданылмалы іс-әрекет. Ол қалыптасқан іс -әрекет ешкімнің
“нұсқауынсыз” еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы
дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы: қыз
ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарады да, ал “әмеңгерлік”, “атастыру”
салты бірте-бірте өмірге қолданылудан қалды.
Этнопедагогикадағы салт-дәстүрлердің ұлттың санаға сіңіп, біржола
заңдандырылуы – салт-сана деп аталынады. Ұлттың санаға сіңіп, қалыптасқан
салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық
сананың қозғаушы күші – ұлттың намыс, ұлттық абырой. Сондықтан әрбір
әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні
зор.
Әрбір ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы мұрат-
міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты,
санаулы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан – жақты жетілген,
ақыл-парасаты мол, мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу
біздің, әсіресе, аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Ал жастарды
жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт -дәстүрлерінің
тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық ролі орасан зор
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата
–бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы – сырнайының үні,
асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, мақал – мәтел, шешендік
сөз, айтыс өлеңдері сан ғасыр бойы өз ұрпағын “сегіз қырлы, бір
сырлы”, өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар – ожданы жоғары, намысқой
азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса,
тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ ұрпағын
тәрбиелеуде.
Жастардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік,
әдептілік, елін – жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді
қаны мен жанына сіңіруде осы ата – бабамыздың салт – дәстүр негізін
ұстансақ, өте ұтымды болар еді. “Өткенді жақсы білмейінше,
келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен
пара – пар”, -деп Л.Н.Толстой айтқандай, ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден
қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып
үйреніп, өнеге тұтпай, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу
мүмкін емес.
Өкінішке орай , ұзақ жылдар ұлттық салт – дәстүр атаулыны аяқ асты
етіп, ана тілі мен ұлт мәдениетіне дұрыс көңіл бөлінбегендіктен, біршама
жастарымыздың тілін, дінін, салт – санасын ұмыта бастағаны шындық. Бірақ
біз ол үшін жастарды кінәлай алмаймыз. Бұның барлығы ұлттық тәлім –
тәрбиенің мектептерде, отбасында пәрменді жүргізілмеуінен туындаған
көріністер.
Ұлт мақтанышы Абай: “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп,
көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан
білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін
ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске
жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрсені ескерсе, жаман
дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады” – деген
(А.Құнанбаев, екі томдық жинағы. 2 том. А., 1977, 155 — бет) [42]
Ал, ақын Мағжан жалпы тәрбие мәселесіне қатысты “Жетекші сөзде”: … жер
жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз,
зағып, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны
жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы осылай өте әлсіз боп
туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне
көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды. – деп жазады
(М.Жұмабаев. Педагогика, А., 1992, 13-14 бет). [5, 6].
Бала – отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі болғандықтан да,
тәрбиенің негізі осы кішкентай нәресте кезден басталуы керек. Қазақта:
“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің”, “Әкеден – ақыл, анадан — мейір”,
“Баланың бас ұстазы – ата-ана” деген сөздер тегін айтылмаса керек. Соған
орай ұлттық тәрбие де бесіктен басталуы тиіс. Отбасындағы ата мен әженің,
әке мен шешенің, апа-қарындас, аға- інінің бір-бірімен күнделікті өмірдегі
қарым-қатынасы, бір-біріне көзқарасы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы – ұлттық
тәрбиенің бастау-бұлағы емес пе? Баланың ата-ананы, жасы үлкенді, құдайы
қонақты сыйлауы, үлкенді аға тұтуы, іні- қарындастарына қамқоршы, қайырымды
бауырмал болуы отбасындағы көрегенділікке, көрген – білгенін есте сақтап,
тәлім алуына, үлгі — өнеге тұтуына байланысты болады. Атасы мен әжесінің
балаларға жұмбақ айтуы, жаңылтпаш, өлең-жыр жаттатуы немесе қамшы өргізу,
кесте тіктіру сияқты әр түрлі өнерге баулуы бала үшін үлкен тәрбие болып
табылады.
“Алтын кездік қап түбінде жатпайды” дейді халық даналығы. Бұл ой мен
сөздің түпкі сырына ден қойсақ, шын асыл, қазына қилы кезең шытырман
уақытта дананы мен сананы өзгерпейді. Біз бұны қоғамдық – саяси, мәдени-
рухани өмірге демократиялық бағыт кең өріс алған бүгінгі шақта айқын
аңғарамыз. Асыл қазынамызға тереңірек үңілетін болсақ, біз болашақ
ұрпағымызға үлкен тәрбие берер мол байлыққа кенелеміз. Қазақта бір де бір
сөз тегін айтылмаған ғой. Сөзден құдіретті не бар?
Бұрынғы уақытта жастарды ата-ананың не ақсақал кісілердің наразылық
білдіруі қатты шошындырған. Олар жаман сөз есітпеуге, наразылыққа
ұшырамауға, қарғыс емес, алғыс алуға ұмтылған. Сөйтіп, адамгершілікке,
ізгілікке жақсылыққа, адалдыққа, әділдікке сай тұрғыда тәрбиеленген.
Халқымыз жас ұрпақты тәрбиелеуде даналық сөздерге де көп назар аударған.
Соған орай оларды оқытып – тәрбиелеу жайында небір сындарлы пікірлер
айтқан. “Баланы таба білсең, баға да біл”, “баланы сүйсең, тәрбиесін сүй”,
“Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді”, “Балапан ұяда
не көрсе, ұшарда соны іледі” – дейтін мақал-мәтелдер баланың әке-шешесінен
алатын тәрбиесі қандай болса, көп жағдайда оынң алдағы өмірі де соған орай
құрылады деген ойды аңғартады. Ал, баланың ең басты адамгершілік қасиеті
әке-шешесіне үлкен құрмет көрсетуінен көрінбек. Осы тұрғыда дана
ойшылдарымыз айтып кеткен ұлағатты сөздеріне құлақ түрмеске болмас. Қорқыт
атамыз: “Анадан өнеге алмаған қыз жаман” – десе, Дулат ақын: “Ата-анаңды,
үлкендерді тыңдап, дана қариялардың ақылын алсаң, жақсы азамат болып
өсесің, олардың ақыл-кеңесі әр уақытта алдында шырақтай жарқырап жанып, жол
көрсетіп тұрады. Қисық-қыңыр мінезді бойыңа дарытпауға, теріс жолға
түспеуге жағдай жасайды”, — дейді. Ал Ақтамберді жырау:
Меккені іздеп нетесің,
Меккеге қашан жетесің?
Әзір Мекке алдында,
Пейіліңмен сыйласаң,
Атаң менен анаңды! — деп ата-анаңа көрсеткен сый-құрметің Меккеге
барумен пара-пар деген ойды қорытады. Міне, осындай ұлы адамдардың сөзін
құлақ қойып тыңдаса, тереңнен ойлап толғанса, біз тәрбиелеп отырған жас
буын жаман болады деп кім айта алады? Ендеше, келешек кілті – “ақырын
жүріп, анық басатын” – ұстазда, ата-анада, ал жас ұрпақ – кеше мен бүгінді
жалғастырушы. “Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін, әкемнен —
өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым”
(А.Македонский) деген сөзде зор шындық бар. Тәрбиенің тал бесікке жеткенше
үздіксіз жүргізілетін ғылыми – педагогикалық жүйелі процесс екенін, оған
ата-анамыз, мектептің қоғамдық орындарының да үнемі көңіл бөліп отыруы
қажет екенін естен шығаруға болмайды.
Сол себепті де қазіргі елдігімізді біліп, еңсемізді көтерумен бірге
ұлттық тәрбиені жаңартып, жаңғырта отырып ұрпақ тәрбиесін халық
педагогикасының құндылығымен ұштастырып дамытуға тиіспіз. Әрбір тәрбиелеп
отырған азаматтарымыздың ұлттық санасын оятып, жоғары деңгейге жеткізсек,
сонда ғана біз әрі алғыр, әрі батыл, әрі шапшаң, өз заманымыз ақыл-ойын
толық меңгерген, тайсақтауды білмейтін нағыз текті ұрпақ тәрбиеледік деп
мақтанышпен айта аламыз.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанда
“Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі”атты халық
жолдауында жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің санғасырлық
тарихымызда алғаш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты
мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар “Алаштың” ардақты
азаматтары еді,”- деп сол партияны құрып, оның бағдарламасындағы
ұлттық идеялары үшін құрбан болған А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың,
Ж. Аймауытовтың т.б. тарихта алатын орнына әділ баға берді (110(.
Сол азаматтар өздері ұстаздық етуде және тәлім-тәрбиелік еңбектер
жазуда өз ұлтының салт-санасын үңіле зерттеп, санғасырлық тарихы
бар ата-бабаларының халықтың педагогикасы мен психалогиясына терең
ғылыми талдау жасады. Сөйтіп олар қазақ халқының ғасырлар бойы
қалыптасқан әдет-ғұрып, салт- дәстүрі мен тәлімдік мұраларын жас
ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде пайдалану жолдарын көрсетті. Сол
мақсатта олар бастауыш мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне арнап
оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.
Енді сол қазақ ағартушы- педагогтары көрсеткен ұлттық тәлім-тәрбие
беру жолдарына тоқталайық.
1. Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілі білімінің негізін қалаушы, ақын,
әдебиет зерттеуші, ағартушы-ұстаз, қоғам қайреткері болған.
А. Байтұрсыновтың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ
халқының ұлттық санасын ояту, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды. “Ол
барлық саналы өмірін қазақ қоғамында ғылым-білімнің дамуына, мектеп,
ағартушылық ісінің жонданып кемелдеуіне бағыштады. Ол ауыл
мектебінде, семинарияда бала оқытып, оқу –тәрбие жұмысын жетілдіру
саласында көп ізденді,”-дейді профессор С.Қалиев. (24,40( Ол өзінің
ұлттық идея туралы ой- пікірлерін “қазақ” газетінде жариялаған
мақалаларында “Тіл туралы”, “Әдебиет танытқыш”, “Баяншы” , “Тіл
ашар”, “Әліпби”, “Сауат ашқыш”, “Әліппе астар”, “Оқу құрал “ т.б.
еңбектерінде жан-жақты айтып,, өзі тікелей іске асырып отырды.
(3,4(
А.Байтұрсынов осы еңбекткрі арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру
жүйесінің негізін қалады.
А.Байтұрсынов осы жүйенің барлық элементтеріне қазақтың
тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін
бастауыш мектепте оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында
пайдалану жолдарын көрсетті.
А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” атты еңбегінде қазақтың ауыз
әдебиеті-халық даналығы, тәрбие негізі екенін ерекше бағалап, оның
түрлерін былай жіктеді; ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, үгіт
өлең, үміт өлең, толғау, терме, ділмәр сөз, тақпақ, мақал-мәтел,
той бастар, жар-жар, неке қияр, бет ашар, жоқтау, жарапазан, бата,
жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыры. (28( Сойндай-
ақ ол сол еңбегінде ұлттық әдет-ғұрыптарға байланысты ғұрып
сөзі; той бастар, жар-жар, бет ашар, неке қияр, жоқтау,
жарапазан ,бата т.б. жан-жақты мазмұнына, тәлімдік мүмкіндіктеріне
тоқталды, осы ауыз әдебиетінің жанрларын А.Байтұрсынов бастауыш мектепте
оқушыларға ұлттық тәрбие беруге өзінің “Әліппе”, “оқу құралы”
хрестоматия, “сауат ашқыш” т.б. оқу құралдарында кең пайдаланды. [3, 4]
Сонда А.Байтұрсынов өзінің ағартушылық қызметі мен педагогикалық
көзқарастарында ұлттық идеяны кеңінен насихаттап оны нақты іске асыру
жолында бар өмірін арнаған ғұлама ұстаз, халық педагогы, ұлттық
тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға” болған екен деп
қорытындылауға толық болады.
2. Жүсіпбек Аймауытов – жазушы, ақын, әдебиеттанушы психолог, қоғам
қайраткері, ағартушы – педагог болған. Ол қазақ қоғамы дамуының ең бір
күрделі кезеңдерінде, әлеуметтік төңкерістер дәуірінде өмір сүріп, сол
дәуірдің қайшылықты сипаттарын көре білді. Сондықтан оның
шығармаларындағы, көзқарастарындағы ұлттық идеясы айрықша басым болып
көрінеді.
Жүсіпбек тәрбие жөніндегі халықтық мұраға, оның озық жағына сүйенеді.
Қазақтың “Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі”, “Сүтпен біткен мінез сүйекпен
кетеді” деген мақалдарын еске ала отырып, бала өміріндегі ата-ана
тәрбиесінің, өнегенің орнын зор бағалайды. [7, 8]
Тәлімгер — ғалым бала тәрбиесіне туған елдің әдет-ғұрпы мен салт-
санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ғылыми тұрғыдан түсінген. Ойын-
сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы өнерге бейім болады, діндар
елдің баласы діншіл келеді. Жастайынан кемдік, жоқшылық, қағажу көріп өскен
ауылдың баласы жасқанша, бұйығы болады – деп қоғамдық салт-сана, әдет-
ғұрыптың тәрбиеге тигізетін ықпалына тоқталады.
Көшпелі жұрттың өткендегі салт-сана, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсібі және
мәдени өмірінен хабардар болу үшін 4 – сыныпта әдебиетті, тарихты және
жағрафияны біріктіріп, яғни интеграциялап “Біздің Отан” деген атпен оқыту
қажет деген пікір ұсынды.
Сонымен, Ж.Аймауытовтың ана тілі – тәрбие құралы, ұлттың ұлы байлығы,
тарих – халық шежіресі, ол ұлтық тәрбие құралы, тәрбиенің ұлттық сипатта
болуы, оны ұлттық мектептерде жүзеге асыру туралы ой – пікірлері, оның
ұлттық сипатта жазған оқу құралдары мен мақалаларының елімізде қазіргі
кезде ұлттық мектеп жасауда және ұлттық тәрбиені жүзеге асыруда теңдесі жоқ
мол мұралар деп бағалауға болады.
3. Міржақып Дулатов — жалынды публицист, жауынгер ақын, жазушы,
тарихшы, саяси кайраткер, ағартушы ұстаз болған. Оның ұлттық идея туралы
ой — пікірлерін мынадай еңбектерінде баяндаған. “Есеп құралы”, “Оян
қазақ”, Оқу құралы” және “Серке”, “Қазақ”, “Ақ жол”, “Айқап”, “Еңбекші
қазақ” газет журналдарындағы көптеген мақалалары.
Сонымен, М.Дулатов өзінің ұлттық идеясын кең насихаттап, оны мектептің
оқу-тәрбие үлгісіне ендіру мақсатында ана тілін, оның тәрбиелік және
білімділік мәнін ашуды, оқыту мен тәрбиенің ұлттық сипатта болуын, ұлттық
мазмұнды оқу құралдарын шығару туралы еңбектерінің жас ұрпақты ұлттық
рухта тәрбиелеуде алатын орны мен мазмұны ерекше.
4. М.Жұмабаев – публицист, ақын, қазақ әдебиетінің негізін
қалаушылардың бірі, ағартушы педагог. Мағжанның ұлттық идеясы оның
“Педагогика”, “Бастауыш” мектептегі ана тілі “Бастауыш мектепте ана тілін
оқыту жөні”, “Сауатты бол” атты еңбектерінде баяндалған.
Ертегі туралы жазғанда да ол баланың өмірі үшін ертегінің маңызы ерекше
екендігін айтады. Бала ертегіні жан тәнімен тыңдайды. Ертегіге шын
көңілімен нанады. Бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандырып, суреттеп алып
келсең ұғады. Мысалы, балаға өтірік айтпа деген құрғақ сөзің желге
айтқанмен бірдей.
Педагог бала тәрбиесіндегі, әсіресе қыз баланы тәрбиелеуде әйелдің,
ананың ролінің зор екендігін айтады. Өйткені, бала анаға жақын тұрады.
Шешесі үйде баланың көзінше не істесе, қалай қимылдап, қандай сөз сөйлесе
ертең баласы, әсіресе қыз бала соны істейді. Көбіне қыз бала тәрбиесі анаға
байланысты. Сол себептен ана балаларының көзінше өте әдепті, мәдениетті
болуына меңзейді.
Сонымен Мағжан Жұмабаевтың “педагогикасы” нағыз ұлттық идеяны
насихаттауға бағытталған. Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында
төрт және жеті жылдық мектеп мұғалімдері мен тыңдаушыларға арналып
жазылған этнопедагогикалық еңбек деп толық айтуға болады. Өйткені
М.Жұмабаев “Педагогикасының” басты ерекшелігі – оның қазақ топырағымен,
ұлттық тәрбие және басынан аяғына дейін ұлттық тәрбие басшылыққа алынып,
оған сүйеніп оны басқа озат педагогикалық тәжірибесімен байытып отырады.
Сонымен, Мағжан Жұмабаевтың мұрасындағы ұлттық идеясы мынада: ол қазақ
топырағында тұңғыш рет “Педагогика” атты ұлттық оқу құралын жазған;
М.Жұмабаев өзінің педагогикалық жүйесінде тіл туралы, оның білімділік және
тәрбиелік рөлдеріне ерекше назар аударған [6].
Жалпы қорытынды ретінде айтарымыз, қазақ ағартушы – педагогтары ана
тілін, халық тарихын, туған өлке географиясы мен табиғатын, ауыз әдебиетін
бастауыш мектепте оқытуға үлкен мән берді, олар халықтық салт-дәстүрлері –
ұлттық тәрбие негізі екенін дәлелдеді. Олардың еңбектерінің қалыптастыруда
алатын орны мен маңызы ерекше.
Сондықтан сол қазақ тәлімгерлердің ұлттық идея туралы ой-пікірлері
егемен еліміздің бүкіл халқын, әсіресе жас ұрпағымызды қазақ халқының
ұлттық рухында тәрбиелеу негізіне алынуы, ол үшін олардың ұлттық идеялары
туралы көзқарастары жан-жақты зерттеліп, оқу-тәрбие жұмысында кең қолданыс
табуы тиіс. Сонда ғана ұлттық тәрбие – ұлт болашағының негізі болады.
1.2 Халықтық педагогикасының бала тәрбиесінде алатын орны.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау” – деп бүгін білім беру саласына мүмкіндігінше жалпы
адамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетті ұштастыра отырып пайдалануды
ұсынады.
Кез-келген қоғам мүшелері өзінен бұрынғы ата-баба дәстүрін, әдет-
ғұрпын пайдаланбай өткен емес. Балаларымыздың да ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасқан білімді жас ұландарға таныта отырып, соған сай халықтың
педагогика негізінде тәрбиелеген, — деп атап көрсетеді.
Қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі – ішкі дүниесі рухани жетілген
жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаны дамытуда оның бойындағы ерлік
рухын жетілдіру арқылы атадан балаға мирас болып отырған ұлы даламыздың
тәуелсіздігі мен бейбітшілігін қамтамасыз ететін елжанды азаматын
тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының этникалық – мәдени білім беру тұжырымдамасында
және Ж.Наурызбаевтың “Ұлттық мектептің ұлы мұраты” атты еңбегінде
мәдени-этникалық білім берудің міндеттері ретінде мыналар ұсынылады:
— Жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу. Тұлғаның өзінің төл мәдениетінен
сусындауы және өзге мәдениеттерді ұғынуы үшін жағдай жасау. Мәдениеттер
алмастығында бірін — бірі байытуына бағдар ұстау.
— Көп тілді тұлғаны қалыптастыру. Өзінің ана тілінде және мемлекеттік
тілде еркін ұғынысуға қабілеті азаматтарды даярлау. [28]
Мәдени-этникалық білім кеңістігі — мәдени-этникалық білім беру үшін
қажетті объективтік жағдай жасау, ал мәдени-этникалық білімнің мақсаты –
жан-жақты мәдениетті тұлға тәрбиелеу.
Жан-жақты мәдениетті тұлға деп өз мәдениетіне де, өзге мәдениетке де
тәнті адамдарды айтамыз. Төл мәдениетті терең білу оған басқа мәдениеттерге
қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан
тұтуға негіз салады.
Сонымен бірге нақты тұлға өз отының мәндениеті мен тілін қажет ете ме,
оларды меңгеруге деген ұмтылысы, сайып келгенде, өзін-өз халқына тілеуге
ықыласы бар ма деген мәселе де өте маңызды. Мемлекет осы үш фактордың
әрқайсысын қалыптастырудың нақты жолдарын қарастыруы тиіс. Бірақ жеке
тұлғаның өз көзқарасы шешуші мәнге ие.
Сонымен қатар, әр адам білімпаз мәдениетті болу үшін тілдік сана, тарихи
сана, географиялық сана, көркемдік сана дамып жетілуі қажет деп атап
көрсетеді.
«Тарихи сананы қалыптастыру — тарихи танымның дұрыс қалыптасуына
тәуелді, ал тарихты тану қазіргі кейбіреулердің ойлап жүргеніндей, тарихи
оқиғалар мен деректерді білу ғана емес, сол тарихи оқиғалар мен деректерді
талдау арқылы ақиқатқа жету». Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан
халықтарының тарихы әлі танылмай зерттелмей жатыр десек, артық айтқандық
болмаса керек. Бұған тарихты идеологияның құралына айналдырған кешегі
кеңестік жүйенің негіз қалағаны белгілі. Соның салдарынан Қазақстан даласын
сонау ескі замандардан бері қарай қайдан шығып қайда кеткені белгісіз
босқын халықтар (сақ, ғұн, түрік, печенек, ғүз, қыпшақ ж.т) жайлап
өздерінің соңында не тарихи, не мәдени ескерткіш қалдырмай ғайып болғандай
әсер қалдырады.
Міне, осы кемшіліктің орнын толтырып, тәуелсіз Қазақстан елі
халықтарының тарихын жазу бүгінгі күн талабы, — деп атап көрсетеді. [24,
40]
Қазақ ғалымдары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов өздерінің психологиялық және
педагогикалық еңбектерінде халық педагогикасының үлгілерін ғылыми
педагогикамен байланыстыра отырып зерттеді. Қазіргі кезде қазақ ғалымдары
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Қ.Қожахметова т.б. халық педагогикасына
өз көзқарастарын, тұжырымдарын айта келе, халықтық тәрбиеге байланысты
бірнеше монография жазып, тәрбие бағдарламасын жасады. [5, 7]
«Халықтық педагогика — тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы,
халықтың рухани қазынасы, мұрасы. Этнопедагогика — халықтық тәлім-тәрбиені,
оның тәжірибесін қорытындылап жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Ол халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын өткел
іспеттес ғылым. [26, 31]
«Ердің атын еңбек шығарады», «Адам болатын бала алысқа қарайды», «Өнер —
ердің қанаты», «Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді», «Досы көпті
жау алмас, Ақылы көпті дау алмас» — деген мақал-мәтелдермен ұрпақты
сусындату керек. Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, өлең-жырлар, ойын-сауық,
өлеңдер, анамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдерді сабақтың
тақырыбына сай тиімді пайдалану керек. Қазіргі кезде қазақ халқының салт-
дәстүріне байланысты факультатив оқытылуда. Меніңше, бұл пәнді жеке оқу
пәні етіп оқыту керек.
Салт-дәстүрлер ғасырлар бойы жинақталып, адам өмірінің барлық жақтарын
қамтиды. Сондықтан да кез-келген адам өз халқының салт-дәстүрінің аясында
өмір сүруі қажет.
Қазақ халқының өнегелі дәстүрлері арқылы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу жайлы
20-шы жылдары ең алғаш сөз қозғаған М.Жұмабаев болды. Мағжан сол кездің
өзінде бала тәрбиесінде «әр тәрбиешінің қолданатын жолы — ұлт тәрбиесі…
Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын
болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
— деп, көрегендік тұжырым жасаған. [5,6]
Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу
жағдайында оқушыларды өз халқының рухани қазынасымен тереңірек таныстыру
қажеттігі туды. Себебі өз халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін білмей,
оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мүмкін емес.
Халықтың сан ғасырлар бойы өзі жасаған бастауларға сүйенген тәрбие ғана
өз күшіне ие бола алады. Бұл тәрбиенің артықшылығы: әр адамның ең алдымен
өз халқының перзенті екендігін, екіншіден өз халқының болашағы сол
жекелеген адамдарға байланысты екендігін сезінуінде. Сондақтан да әр ұрпақ
өз уақытын, өз талаптарын негізге ала отырып, ата-баба тәрбиесін, яғни
халықтық педагогиканы игеріп отырғаны жөн.
Аталар сөзі тәлім-тәрбиенің көзі деп тегін айтылмаса керек. Кез-
келген ата-ана өз баласына ата-бабамыздан қалған өсиет сөздерді
мысал ретінде келтіріп ұлтжандылыққа тәрбиелеп отыруы дұрыс болады.
Сонымен қатар ұлттық тәрбиені мектеп тәрбие үрдісінде де кеңінен
пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету – борышымыз. Біз оны ең әуелі өз
отбасымыздан бастауымыз керек. Жалпы адамгершіліктің ең тамаша ізгі
қасиеттерін тәрбиелеумен қатар өзі үшін де, өзге үшін де еңбек
ете білуге үйрету қажет.
Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда
“Атамекен” бағдарламасының “Бабалар өсиеті” бағытымен “Бата алғанның
бақыты бар”, “Бабалар қалдырған асыл сөздер”, “Бабалар арманы”, т.
б. сынып сағаттарының тәрбиелік мәні жоғары.
Біздің салт-дәстүріміздің сәнін келтіріп, мәнін арттыра түсетін
өміршең жыр жүлгесінің бірі – бата тілек. Өз топырағымыздан жаралып,
өз жеріміздің ауасы мен суынан нәр алып, шынайы халықтық сипатқа
бөленіп, салтымызға сіңісті боп кеткен, бірақ кез-келген жайға
арналып айтыла бермейтін бата-тілектің қарапайым тәрбиелік,
тағылымдық мәнінің орасан зор екендігін ешкім жоққа шығара алмас.
Оның өн бойынан бәрін де — ой ұшқырлығын, ақыл-парасатты, өмірлік
тәжірибені, кемелдік пен көсемдік байқауға болады. Ол өзінің терең
философиялық астарымен, эстетикалық тағылымымен, тілдік кестесімен
ерекшеленіп тұрады. Бата-тілектердің өзіндік сөздік жүйесі, ұлағаттық
үлгісі, мағыналық мәні болған. Мысалы:
Халқымыздың ежелгі дәстүрі бата беру – ата-бабаларымыздың
ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға өнегелі тәрбие, ақ тілеу болып
келе жатқандығын түсіндіріп, оқушыларды осы дәстүрде тәрбиелеу.
Халқымыз көпті көрген көнекөз қариялардан бата алуға тырысқан.
Ерте кезде жауға аттанған батыр, ел қамын жеген жау жүрек ұландар,
сөз сөйлеген шешендер ел ішіндегі батагөй даналардан бата алып,
өз істеріне нық қадам басқан. Бата, тілек-жастарды бірлікке,
әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Бата ризашылық ниеттің
көрінісі ретінде де айтылады, сондықтан бата-тілектің де тәрбиелік
мәнін пайдалана білу керек.
Мұсылман елдерінде, әсіресе, біздің қазақ халқында бата беру
үлкен өнер, тәрбие. Бұрын бата берген шешендер көп болған, олардың
батасы кісілікке, имандылыққа, мейірімділікке толы ақ тілектер.
Бата беру көбіне өлең түрінде, елге тыныштық, жасөспірім балаларға
бақыт, жақсы тілек ретінде айтылған. Бұрын бата берген шешендер
көп болған, олардың батасы кісілікке, имандылыққа, мейірімділікке, толы
ақ тілектер . Бата беру көбіне өлең түрінде, елге тыныштық,
жасөспірім балаларға бақыт, жақсы тілек ретінде айтылған. Бұрын
бата беруге ескі ырым, діни, соқыр сенім деп назар аудармақ. Қол
жайып жастар қариялардан бұрын бата тілейтін, оның бәрі кезінде
ұмыт болды. Біздің негізгі мақсатымыз — ата-баба дәстүрін қайта
жалғастыру.
Сол батагөй бабаларымыздың бірі – Қорқыт баба. Ол талай-талай жыр
толғап , күй шерткен. Қобыз сарыны Қорқыт бабаның батасы:
Қарлы заңғар тауларың күйремесін,
Басыңа көлеңке болған бәйтеректеріңе балта тимесін,
Мәңгі гүлденіп аққан сұлу өзендерің шөлге айналмасын,
Астыңа мінген ақ боз атың шабысынан таймасын.
Құдайдың өзі берген бағың өшпесін, үмітің өлмесін !
Соған әумин айтамын.
Халқымыз:
Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт ата,
Бата алған барлық бақсы, ақын, асқан ата.
Таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда, —
деп тегін жырламаған [2,52,7].
Халықтық тәрбиенің тәжірибесінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог
та жоқ деп орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский текке айтпаған. Олай
болса халқымыздың ежелгі дәстүрлері бата беру әрбір жанұяда
басталып, одан мектепке жалғасып жатса, оқушыларымыздың бойына
имандылық, адамгершілік,т.б. өнеге үлгісін себер едік.
Дәстүр ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында “Дәстүр-ұрпақтан-ұрпаққа
көшетін, тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принципттер.
Дәстүр- қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен іс-
әрекеттерінің негізі” деп анықтама берілсе, философиялық сөздікте
“Дәстүр (лат.traditio-жапсыру, жалғастыру)-тарих барысында қалыптасып,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық
тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б.,
қоғамдық тәртіп, заң немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт
бойы сақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері” делінген.
Кейбір зерттеушілер дәстүрге әр түрлі әрекет формасы арқылы анықтама
беруге тырысады. Е.Попов дәстүрді “сананың спецификалық жағдайы” деп
қарастырса, И. Петров “тарихи дамудың нәтижесінде пайда болған мінез-құлық
нормасын, ой мен әрекет бейнесін белгілеген үлкен қоғамдық құндылық және ол
өскелең ұрпаққа тапсырылуы қажет ” дейді.
Дәстүр – адамзат есіндегілерді және әлеуметтік-тарихи тәжірибені
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың
мәдениеті мен мәдениеттілігінің көптүрлігі және бірлігі жинақталған. Дәстүр
қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесінен олардың өзлеріне де
көрінбеген, білінбеген құндылықтарды ашады және таба алады. Осы бағытта
Н.Сәрсенбаев еңбегінің құндылығын атап өтуге болады. Ол ұлттық дәстүр мен
әдет-ғұрыптың пайда болу заңдылығын, олардың мәні мен ерекшеліктерін ашып
көрсетеді.
Дәстүр – ұлттық-демографиялық құбылыс, оның негізінде әлеу-меттік топтың
ұзаққа созылған тәжірибесі жатыр. Дәстүр арнайы жағдаяттарға байланысты
адам мінез-құлқының сценарийін жасаушы: норма, белгілер, әдет-ғұрыптар,
фольклор. Бұлардың мазмұны- дұрыс әрекет жасауға кепілдік беру, әрі дұрыс
емес қылықтардан қорғап, жағымды мінез-құлықпен қамтамасыз ету.
Дәстүр әр қырынан әр түрлі аспектіде қарастырылғандықтан және әр түрлі
ғылымның зерделеу нысаны болғандықтан дәстүр классификациясы да әр алуан.
Мәселен, Д.Зелинин дәстүрді аймақтық (территориялық), ұлттық, отбасылық деп
жүйелесе, Е.Белоусова дәстүрді жалпы әлеуметтік-саяси, діни экономикалық,
халықтық-ұлттық, отбасылық, ұжымдық, мемлекеттік-патриотизмдік, еңбектік,
ерліктік деп жүйелейді.
Сонымен, дәстүр ұғым ретінде мәдениеттің маңызды категориясының бірі
және ол дәстүр оқу-тәрбие үрдісінің құралы да.
Тәрбиенің дәстүрмен тығыз байланысын тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский
болды. Ол өз еңбектерінде тәрбиенің халықтық сипатына, еңбектің тәрбиелік
және психикалық сипатына және тәрбиедегі адамгершілік мәселелеріне көңіл
бөле отырып “Тәрбие көзі – халықтық педагогика” деген тұжырымға келген. Осы
идеяны қазақ жерінде жалғастырушы педагог Ы.Алтынсарин. Ол қазақтың қыз
ұзату, өлікті жөнелту дәстүрлерін арнайы зерттей отырып халықтық тәрбиенің
өзегі ұлттық салт-дәстүр екендігін көрсетеді.
Кейбір зерттеушілер адамгершілік дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа берілген
күйде өзгеріссіз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететін мораль
элементі (норма, мінез-құлық, қарым-қатынас) тұрғысында қарастырады. Бұған
А.Макаренконың “адамгершілік немесе моральдік-эстетикалық дәстүрлер мораль
саласында қызмет ететін және моральдік қатынастарды бейнелейтін дәстүрлер”
дей келе, басты назарды сол мораль мәселесіне аударғаны айғақ. Ендеше
моральдік-эстетикалық дәстүрлер дегеніміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан
дәстүрлердегі мораль бейнесі, демек моральдік сана, моральдік ұстаным ,
моральдік құндылық, моралдік норма.
Бір сөзбен айтқанда, ұлттық адамгершілік деп отырған ұғымдары-мыздың түп
төркіні моральдік-этикалық дәстүрдің сара жолына әкеп тірейді. Моральдік-
этикалық дәстүрге халықтың мыңдаған жылғы жүріп өткен, тарихи жолы
бастан өткерген қоғамдық кезеңдері, тайпалық, ұлыстық, мемелекеттік,
жарғылық өзгешеліктері, георгафиялық ортасы, елдік шекарасы шет жұрттық
елдермен қарым-қатынасы, кәсібі күнкөріс тәсілі т.б. толып жатқан факторлар
мен тамыры терең тіршілік құбылыстары жатады.
Дәстүрлі мәдениет дегеніміз – тұтас бір жүйе. Оған халықтың
көркем мәдениеті немесе халық өнері , сондай-ақ халықтың әлеуметтік
және мәдени қауымдастық ретінде пайда болумен бірге туындаған әдет-
ғұрыптар, салт-дәстүрлер, жол-жоралғылар, ұғым-түсініктер, дағды,
көзқарастар жатады. Дәстүрлі мәдениет атауы “дәстүр” деген сөздің
мағынасымен ұласып жатыр. Ал дәстүр ұзақ уақыт бойы ұрпақтан-
ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мұраның элементтерін
білдіреді. Дәстүр әлеуметтік мұрагерлік объектілерін ( материалдық
және рухани құндылықтарды); әлеуметтік мұрагерлік үрдісін; оның
тәсілдерін қамтиды. Дәстүр ретінде белгілі бір қоғамдық ұстанымдар,
мінез-құлық нормалары, құндылықтар, идеялар, әдет-ғұрыптар, т.б.
көрініс табады”. Фольклор – халық ауыз әдебиеті мен халық көркем
мәдениетінің жиынтығы (кешені). Оның аса маңызды нысандары – халықтың
қолданбалы – декоративті, аспаптық, ән-би өнерлері дәстүрлі мәдениеттің
рухани мұрагерлері болып табылады. Қоғамдағы мәдениеттің арнайы бір
бөлігі ретінде біршама дербес өмір сүретіндіктен, олар ғылыми
әдебиетте көркемдік қызметтің тәуелсіз түрлері ретінде
қарастырылады.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары дәстүрлі
мәдениет саласында негізгі үш түрлі қызмет формаларымен: 1) тұрмыстық-
отбасылық; 2) діни 3)шаруашылық (мал және ауыл шаруашылық) тұрғыдан
байланысты. Бұл айтылғандар Ы.Алтынсарин, Х. Арғынбаев, К. Ақышев,
С.Ақатаев, М. Балтабаев, В.Востров, Ө.Жәнібеков, Х.Қауанова, Д.Қармышева,
С.Қасиманов, Ә.Марғұлан, М.Мұқанов, Р.Мұстафина, Ә.Төлеубаев,
Н.Шаханова, М.Хасанов, Ж.Қаракөзов, т.б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу
еңбектерінде қазақ дәстүрлі мәдениеті этнографиялық, тарихнамалық,
археологиялық, өнертанушылық және мәдениеттанушылық сипатында көрініс
тапты. Отандық дәстүрлі мәдениеттің эстетикалық аспектілері қазақ
халқының біртұтас білім жүйесін қалыптастырса да, жоғарыда аталған
бағытта зерттелген емес. Алайда, бұл білім жүйесі қазақтардың өмір
сүру үрдісінде пайда болып, ұлттық этностың тұтастығы мен өзіндік
келбетін сақтап келген.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетін жіктеуде (А.Құралұлы,”Қазақ дәстүрлі
мәдениетінің анықтамалығы”) ұлттық салт-дәстүрлер қазақ дәстүрлі
қоғамының жоғарыда аталған негізгі үш қызмет түріне топтастырылған.
Маусымдық халық мерекелері қазақ халқының мал шаруашылығы мен
ауыл шаруашылығына байланысты шыққан.
Қазақ дәстүрлі қоғамына тән үш қызмет саласын қамтитын, неғұрлым
айқын эстетикалық мазмұн мерекеге тән. Мерекелер “эстетикалық және
көркемдік қызметтің формасы ретінде әлеуметтік мәдениеттің табиғатына
тікелей ене отырып” эстетикалық мәдениеттің әлеуметтік саласына тұрмыс пен
ойын-сауық эстетикасы түрінде енеді.
Қазақтың дәстүрлі мерекелері екі түрлі фактор арқылы көрініс табады:
1) әлеуметтік тұрмыс динамикасы арқылы; онда өмірдің жекелеген кезеңдері
күнделікті тіршілік күйбеңіне қарамастан, адамдар арқылы танылып,
көрініс табады. Бұған мыналар жатады: а) діни мейрамдар: ораза айт пен
құрбан айт; ә) баланың тууына және үйлену тойына байлынысты отбасы-
тұрмыстық мерекелер: шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер тойы, тілашар мен
сүндет тойлары, ұрын той, қыз ұзату мен келін түсіру тойлары;
2) табиғи болмыс динамикасы арқылы. Оған жататындар: а) жалпы халақтық
тойлар: … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz