Жахан Отарғалиев досы Шерхан Пірназарға Умраға жолдама сыйлады
Танымал актер Жахан Отарғалиев досы Шерхан Пірназарға Умраға жолдама сыйлады, — деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл қуанышты жаңалығын актер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. «Жақындарымызды жиі қуантып тұрайық», — деп жазған ол.
«2 жыл бұрын мені Рауанның кіндік әкесі ретінде атадыңдар. Өзімнің бұл атаққа жете алмай жүргеніме 15 жыл болған екен. Мынау — кішігірім сыйлығым. Таңғалдыруға тырысып көрейін», — дейді ол видеода.
Фото: massaget.kz