“Алақай” деген сөз “Алла тірі” дегенді білдіреді — Мәдияр Серікбаевты ел сынап тастады

0

“Өнер қырандары» театрының басшысы Мадияр Серікбаев «Дәстүр» подкастына сұхбат беріп, көпшіліктің сынына ұшырады. Бұл туралы /Smartnews.kz жазды.

«Жаңа жыл кезінде «Шыршаны неге айналмаймыз» деген дау бар ғой. Бала кезімізден бізге үлкендер «Жүгірме, айналма» деп айтатын, естеріңізде ме? «Үйді айналма, айналма» деп отырады да, ең жақсы көретін адамына «Айналайын» деп айтады. Бізде нені айналуға рұқсат етілген? Қағбаны ғана айналуға рұқсат. Яғни «айналайын» деген сөз «сені Қағбадай жақсы көрем» дегенді білдіріп тұр. Ал қазақтың «Алақай» деген сөзі «Алла тірі» деген мағынаны білдіреді» деді Мадияр Серікбаев.

Ал «Фейсбук» желісінің белсендісі, блогер Мәлік Орақов бұл пікірмен келіспейтінін айтып, жазба жариялады.

«Өнер қырандары кәдімгідей дәлелдеп, адамдардың миын улап отыр. Бұларға тоқтау бар ма? Жоқ әлде осылай қазақтың бар дүниесін дінге, арабқа апарып тели бере ме? «Бірнеше рет қайталанған өтірік шындыққа айналады» демекші, болашақ ұрпақ түгел мәңгүрт болып шығатын болды» деді ол.  Мәлік Орақовтың бұл жазбасына басқалар да өз пікірлерін білдірді. «Мыналарға тоқтау бола ма? Қандай дәлелге сүйеніп отырғанын айтсын! Өтірікті шындай айта салады екен. Мүфтият қайда қарап отыр?», «Көрінген адам өзін ғұлама санап, қазақтың сөзіне талдау жасайтын болып алды», «Бұларға жаза қолданбаса болмайды», «Бұлардың миы фарш боп кеткен екен», «Алақайыңыз Алла хай, бәрекелдіңіз Бәрәкаллаһ сөзінен шыққанымен келісейік. Бірақ «айналайынның» қағбаға түк қатысы жоқ» деп жазды желі қолданушылары.

фото: әлеуметтік желіден