Сауда министрі халықты әбігерге салған мобильді аударымға қатысты пікір білдірді

0

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев тұтынушылардың мобильді 100 аударым қағидатына қатысты шағымына жауап берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сенат кулуарында Шаққалиевтен журналистер «мобильді төлемдерді реттеудегі «100 аударым» қағидаты енгізілгеннен бері тұтынушылардан қанша шағым түскені туралы сұрады. Сондай-ақ министр бұл талаптың ішкі саудаға және тұтынушылардың құқығына қалай әсер ететіні туралы сұраққа жауап берді.

Министр тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне бұл бойынша әзірге ешқандай шағым түспегенін айтты.

«Ондай статистика қазір жоқ. Оны есептеу керек. Кейін қосымша жауап береміз. Өткен аптада менің атыма, бізге ондай мағынада арыздар түсті деген ақпарат жоқ. Ал өзгерістің әсерін айтсақ, бұл жаңа құрал емес. Мысалы, 2020 жылы еліміз бойынша 150 мың төлем терминалы болса, қазір миллионнан асты», — деді сауда және интеграция министрі.

Министр атап өткендей, 2020 жылы мобильді төлемдер 3 триллион теңге болса, қазір ол 4 есе өскен.  Яғни, сауда саласы QR-жүйеге дайын. Бұл саудаға кедергі жасайтын жүйе емес екендігін атап өтті Шаққалиев.